Қарғалы аудандық сотында «Сот мәжілісінде бейне және аудио құралдарын қолдану» тақырыбында семинар сабағы өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қарғалы  аудандық сотында «Сот мәжілісінде бейне және аудио құралдарын қолдану» тақырыбында семинар сабағы өткізілді. Іс-шараға Қарғалы  аудандық сотының төрайымы Н.О.Аманкулова, судья А.Шарипбаев, кеңсе меңгерушісі Р.Жонисова мен кеңсе мамандары қатысты. Сот төрайымы Н.О.Аманкулова, сот төрелігін жүзеге асыру бойынша жұмысты оңтайландырудың, сот ісін жүргізудің жоғары деңгейде ашық болуына қол жеткізудің  перспективті бағыттарының бірі ақпараттық   технологияларды,  оның ішінде дыбыс-бейне жазбасын қолдану болып табылатынын айтты. Бас маман-сот мәжілісінің хатшысы С.Мусабекова   практикалық түсіндіру арқылы дыбыс-бейне жазбаны қолдануды көрсетіп өтті. Шара барысында нұсқаулыққа сай, дыбыс-бейне жазбаны қолданудын кейбір мәселелері де талқыланды. Семинар соңында сот төрайымы қазіргі заманғы ақпараттық  технологияларды қолдану аудандық және оған теңестірілген соттарының жұмыс жасау сапасының өлшемдерінің бірі болып табылатынын атап өтті.

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі