Соттан тыс татуластыру кабинетінің жұмысы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық сотымен 12 наурыз 2018 жылы халыққа қызмет көрсету орталығының ғимаратында соттан тыс татуластыру кабинеті ашылды.

Соттан тыс татуластыру кабинеті, Жоғарғы соттың елді жаңғырту үстінде Елбасының «Қазақстан 2050 стратегиясындағы», «Ұлт Жоспары 100 нақты қадам, Рухани жаңғыру» жөніндегі алға қойған тапсырмаларын орындау мақсатында құрылған басым тұжырымдамасы болып табылады.

Соттан тыс татуластыру кабинетінің құрылуы қоғамдағы дау жанжалды азайтуды қамтамасыз етіп, азаматтардың құқықтық мәдениетін арттырып, дау жанжалдардың бітімгершілікпен шешілуін қамтамасыз етуде.

Құрылған күннен бастап аталған кабинетте 7-ден астам тұрмыстық, жер мәселесі бойынша, отбасылық дау жанжалдар өз шешімін тапты.

Кабинет іс жүзінде өзінің қоғамдағы әсерін көрсетті, аудан тұрғындары кез -  келген уақытта өздерінің даулы сұрақтарын шешу үшін аталған кабинетке жүгінулеріне болады.

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі