Жасөспірімдердің жауапкершілік аймағы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қарғалы аудандық мәдениет үйінің ғимаратында Қарғалы аудандық сотының төрағасымен Қарғалы ауданының білім беру ұйымдарының 9-11 сынып оқушылары, аудандық білім беру бөлімінің басшысы, Бадамша агротехникалық коллежінің директоры, аталған колледждің  студенттері, кәмелетке толмағандар ісімен айналысатын коммиссия мүшелері, прокуратура, үкіметтік емес ұйымдар мүшелері және ІІБ-нің мүшелерінің қатысуымен «Кәмелетке толмағандармен жасалатын құқық бұзушылықтар» атты дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел барысында сот бас маманы А.Файзуллина баяндама оқыды,  өз баяндамасында жасөспірім тыңдаушыларды әкімшілік құқық бұзушылықтың және қылмыстық құқық бұзушылықтың соңы неге апарып соғатынына аса назар аударылды, және жасөспірімдердің құқық бұзушылықтары үшін заңды өкілдері яғни ата-аналары  жауапкершілікке тартылатынын айтып өтті.

Дөңгелек үстел соңында білім беру бөлімінің басшысы сот төрағасына осындай дөңгелек үстел ұйымдастырғаны үшін алғыс білдірді, және осыған ұқсас жиындарды оқушылармен ғана емес сонымен қатар ата-аналар комитетінің қатысуымен өткізсе деген пікір айтты.

 

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі