Қарғалы аудандық сотында «Сот ғимаратында келушілерді өткізу режимінің жаңа ережелері» тақырыбына семинар өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қарғалы аудандық сотында «Сот ғимаратында келушілерді өткізу режимінің жаңа Қағидалары»  тақырыбына семинар өткізді. Аталған шараға судьялар, сот мамандары және «Мамандандырылған күзет қызметінің басқармасы «Күзет» ММ-нің  қызметкерлері қатысты.

Семинардың мақсаттары сот жасауылдардың, күзет қызметкерлерінің кәсіби деңгейін көтеру.

Семинар барысында қатысушылар еңбек және орындаушылық тәртіпті сақтау қажеттігі туралы, сот ғимаратында белгіленген тәртіп бойынша бақылауды жүзеге асыруға қатысты сұрақтарды талқылады.

А.Т. Женсикбаева Қарғалы аудандық сотының аға сот жасауылы өз сөзінде, қауіпсіздікті қамтамасыз ету және тәртіпті сақтау мақсатында ағымдағы жылы сот аумағына өткізу және ішкі обьектілік режимдерінің сақталуын қамтамасыз ету 06 сәуір  2018 жылдан бастап  жаңа Ережесі енгізілгенін айтты. Сонымен бірге, «сот ғимаратының көпшілік кіретін бөлігі» деген – күту залдары, сот отырыстарының залдары, хат-хабарларды қабылдау және беру үй-жайлары жөнінде  айтып өтті. Ғимараттың дәл осы бөлігіне сот процесіне қатысушылар жазатын жабдықтарды, есептегіш техниканы, мобильдік жабдықтар (интернет модульдері бар ұялы телефондар, смартфондар, планшеттер), ақпаратты машиналық тасымалдағыштарды (флеш-карталар, USB-дискілер), сондай-ақ   Интернет желісіне шығу мүмкіндігі бар басқа да техникалық құралдарын алып кіруіне болады.    

«Жаңашылдықтарға сәйкес, сот процесіне қатысушылар жазатын құрылғыларды, есептегіш техниканы, мобильдік құрылғыларды (ұялы телефондар, смартфондар, т.с.с.) көпшілік кіретін бөлігіне кіргузіге рұқсат етіледі», - деп түсіндірді аға сот жасауылы Женсикбаева А.Т.

Шараның соңында семинар сабағының  қатысушылар объектілерде қауіпсіздікті сақтау шаралары бойынша сұрақтарды талқылады. Сонымен қатар «Сот ғимаратына келушілер үшін өткізу  және объектішілік режимді қамтамасыз ету жөніндегі Ережесін», «Ішкі істер органдары туралы» ҚР Заңының Ережелерін, «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» және міндетті түрде олардың  қызмет міндеттемелерінің адал, әділ және сапалы орындау туралы мәселелерді талқылады. 

 

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі