Азаматтық іс медиация тәртібімен қысқартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қарғалы аудандық сотында медиация тәртібімен некені бұзу туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Іс материалдарына сәйкес, талапкер мен жауапкер 2000 жылы заңды некеге тұрған, кәмелет жасқа толмаған 2 баласы бар.

Жауапкермен дәм-тұзы жараспауына байланысты отбасы өмірі өрнектелмей, осы себептен талапкер некені бұзу туралы  талап арызбен жүгінген.

Азаматтық іс қарау кезінде тараптар дауды медиация тәртібімен реттеу туралы сотқа өтініш білдірді.

Сот ұйғарымымен дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісім бекітілді, осыған байланысты тараптар некені жалғастыруды шешті,  талапкерге төленген мемлекеттік баж сомасы қайтарылды,  іс өндірістен қысқартылды. 

Ұйғарым заңды күшіне енді.

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі