Азаматтарды қабылдау өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты төрағасының міндетін атқарушы кезекті азаматтарды қабылдау өткізді. А.М.Жүсіповтың қабылдауында істерді оңайлатылған тәртіпте қарау сұрағы бойынша 1 адам болды.

Төраға м.а оңайлатылған іс жүргізу істі қараудың ерекше тәртібіне ие екендігін түсіндірді. Іс жүргізудің аталмыш түрінің ерекшелігі процессуалдық заңнамаға сәйкес дәлелдемелер немесе өзге де құжаттар ұсынылатын мерзім өткеннен кейін тараптарды шақырмай қарауында болып табылады. Оңайлатылған іс жүргізу тәртібіндегі істер судьямен іс жүргізуге арызды қабылдаған кезден бастап бір ай мерзімде қаралады.

Қабылдауда болған тұлға өз сұрақтарына толыққанды жауап алды.

 

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі