Ақтөбе қалалық сотында «Электрондық үкімет орталығы», «Сот кабинеті» бұрыштары жұмыс істей бастады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Халықтың сот органдарымен өзара әрекететушілік тиімді жүйесін қалыптастыру мақсатында, сонымен қатар, мәліметті жедел түрде алу үшін Ақтөбе қалалық сотында  «Электрондық үкімет орталығы», «Сот кабинеті» бұрыштары жұмыс істей бастады.

«Электрондық үкімет орталығы» – барлық шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге қолжетімділіктің бірыңғай терезесін құрайтын ақпараттық жүйе. «Электрондық үкімет орталығы» бұрышы арқылы сотқа келуші жеке немесе  заңды тұлғаларға және олардың өкілдеріне ақпараттық технологияларды қолданумен ақпараттық және интерактивтік қызметтер ұсынылады.

«Бұрыштың» басты артықшылығы енді азаматтарға электрондық сандық қолтаңбаны Халыққа қызмет көрсету орталығына бармай, тікелей сот ғимаратында орналасқан «Электрондық үкімет орталығы» бұрышы арқылы алуға болады.

Жеке немесе заңды тұлғалар және олардың өкілдері электрондық сандық қолтаңбаны алу рәсімінен өткеннен кейін, «Сот кабинеті» бұрышына өтіп, «Сот кабинетінде» орналастырылған электрондық нысандарды толтыру арқылы электрондық құжаттарды сотқа ұсыну үшін тіркеле алады.

Сонымен қатар, азаматтар мемлекеттік баждың төленгенін тексеру, жауапты және басқа да сот құжаттарды жөнелту, арызды немесе өтінішті қарау мәртебесі мен нәтижесімен танысу тәрізді көптеген мүмкіндіктерге ие болады.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі