Сот жүйесіндегі «Сот кабинеті» сервисінің қолданулуы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе қалалық сотының кеңсе меңгерушісі М.А.Купенова  «Қазақстан Ақтөбе» телеарнасының «Адам және заң» бағдарламасында «Сот жүйесіндегі «Сот кабинеті» сервисінің іске қосылған күнінен бастап бүгінгі күнде жеткен жетістіктері» тақырыбында сөз сөйледі.

Тікелей эфир барысында кеңсе меңгеруші сот жүйесіндегі «Сот кабинеті» сервисінің қолданылуы, «Сот кабинеті» сервисі арқылы қанша талап арыз келіп түскендігі туралы сұрақтарға жауап берді.

Сонымен қатар, «Сот кабинеті» сервисіне қандай қосымша толықтырулар мен өзгерістер енгізілгендігі туралы сөз қозғалды.

Эфир соңында жүргізуші аталған тақырып бойынша берген сұхбаты үшін М.А.Купеноваға алғысын білдірді.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі