Ақтөбе қалалық сотымен шығынды өндіру туралы дау бейбіт тәртіппен реттелді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе қалалық сотына талап қоюшы К. жауапкер Н.-дан материальдық және моральдық шығынды өндіру туралы талап арызбен жолданды.

Талап қоюшы өз арызында жоғарғы қабатта орналасқан жауапкер пәтерінен су тасқаны салдарынан материалдық және моралдық келтірілгенін негіздеген.

Ақтөбе қалалық сотымен талап қоюшы К. жауапкер  Н. материалдық және моралдық шығынды өндіру туралы азаматтық іс бойынша тараптар арасында бітімгершілік келісіммен реттелген. Іс бойынша өндіріс тоқтатылды.

Татуласу келісімді бекіту туралы өтінішпен жүгініп, ол бойынша: жауапкер Н. талап қоюшы К.-нің талабын мойындап, талапкердің пәтерін жөндеуге міндеттенді, ал талап қоюшы К. іс бойынша бітімгершілік келісімге келуге байланысты Н.-дан талап арызынан толық бас тартты.

Сот ұйғарымы бітімгершілік келісіммен реттелген заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі