Ақтөбе қалалық сотымен дау медиация тәртібімен реттелді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе қалалық сотымен талап қоюшы ЖК жауапкер Д.-ға қарыз ақша шығынды өндіру туралы азаматтық ісі тараптардың қатысуымен қаралды.

Талап қоюшы ЖК.-ның жауапкер Д.-ның арасында жылжымайтын мүлікті сату үшін жылжымайтын мүлікпен қамтамасыз ету қызметтері үшін келісім-шарт жасақталған. Жауапкер келісім-шарт бойынша жылжымайтын мүлікке қызмет көрсету үшін ақша төлеуден бас тартты.

Сот отырысында дайындық жүргізу барысында  тараптар дауды медиациялық тәртіппен реттеу туралы келісімді бекіту туралы өтінішпен жүгінді, келісімге сәйкес жауапкер Д. талап қоюшы ЖК. 180 000 теңге қарыз ақшаны және 57 000 теңге қайтаруға міндеттенеді. Талап қоюшы ЖК.  Д. ұсынысымен келісіп, талап арыздан бас тартады.

Сотпен ҚР АПК-нің 277-278 баптарына сәйкес дауды медиациялық тәртіппен реттеу туралы келісім бекітіліп, азаматтық іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі