Архив событий

05/07/2017

2017 жылдың 6 айлық Мәртөк аудандық сотының жұмыс қорытындысы баспасөз мәслихатында талқыланды

05/07/2017

Мәртөк аудандық сотында бұқаралық ақпарат құралдары «Мәртөк тынысы» газетінің тілшісі Қалпиева Аманат қатысуымен, 2017 жылы 6 айында сотпен  атқарылған жұмыстарының  қорытындысы  бойынша баспасөз мәслихаты  өтті.

Баспасөз мәслихатында төраға М.Дүйсен статистикалық мәліметтерді, істер санаттары туралы және қылмыстық, азаматтық, әкімшілік құқық бұзушылық істер бойынша өткен жылдың мезгілімен салыстыру көрсеткіштері айтылды.

Сот отырысы залында тәртіп бұзғаны үшін ескерту берілді

05/07/2017

Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында азаматша Д.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды, ол 2017 жылдың 27 маусымында, Ақтөбе қаласы мамандандырылған әкімшілік сотының сот отырысы залында, өзі жәбірленуші ретінде қатысатын М.-ға қатысты істі қарау барысында, сот залында тәртіпті бірнеше рет бұзып, судьяның ескертпесін елемеген, яғни осы әрекетімен сотқа құрметтемеушілік көрсеткен, сөйтіп ол Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 653 бабының 1-бөлімінде (сотты құрметтемеушілік, сот отырысында төрағалық етушiнiң өкiмдерiне бағынбаудан көр

Жаяу жүргіншіге айыппұл салынды

05/07/2017

Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында азамат Н.-ға қатысты әкімшілік іс оның ісін сотта қарау туралы арызына сәйкес  түсіп қаралды.

Шалқар аудандық сотында Астана күніне арналған дөңгелек үстел өткізілді

05/07/2017

Шалқар аудандық сотында  Үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерінің қатысуымен  Астана күніне арналған дөңгелек үстел өткізілді. 

Сот төрағасы О.Ә. Бақтыгереев Астана күніне арналған баяндама жасады, елорданың маңызына тоқталды.

Алға аудандық сотында 2017 жылдың 6 ай жұмыс қорытындысы бойынша баспасөз маслихаты өтті

05/07/2017

Алға аудандық сотында 2017 жылдың 6 ай жұмысы қорытындысы бойынша баспасөз маслихаты өтті.

Шараға аудандық сот төрағасы Е.С.Мұратқанов және аудандық «Жұлдыз-Звезда» газетінің тілшісі А.Тулеуова қатысты.

Сот төрағасы Е.С.Мұратқанов өз баяндамасында, есептік кезеңнің сотпен қаралған істер бойынша статистикалық көрсеткіштерге тоқталып өтті.

Ювеналдықсоттағы партисипативтік келісім

05/07/2017

Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында талап қоюшы А.-ның жауапкер Г.-ға кәмелетке толмаған баланың әкелігін тану және алимент өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

Қазақстан Республикасының азаматтық процессуальдық кодексінің 181-бабына сай тараптар сот кеңесу бөлмесіне кеткенге дейін дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы өтініш хаты мәлімдеуге құқылы.

Дау медиация тәртібімен шешілді

05/07/2017

Алға аудандық сотымен талапкер Г.-ың жауапкер Т.-ге басқа біреудің заңсыз иелігінен мүлікті талап ету туралы  талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Талап қоюшы сотқа берген талап арызында жауапкер Т.-ден заңсыз иелігінен мүлікті, яғни өзіне тиесілі автокөлікті  қайтаруды сұраған.                                                           

Сот актісін орындамағаны үшін әкімшілік қамаққа алынды

05/07/2017

Байғанин аудандық сотында Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексінің 669-бабымен (Сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамау) Е.Т.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Дау медиация тәртібімен реттелді

05/07/2017

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен «А» ЖШС-нің «С» ШҚ-нан  берешек  өндіру туралы талабы бойынша азаматтық іс қаралды.

Талап арызға сәйкес «А» ЖШС мен «С» ШҚ арасында 2013 жылғы 14 сәуірдегі  №44 – 1, №44 – 2 және 2013 жылғы 29 маусымдағы №118 – 1, №118 – 2 жалпы сомасы 24 633 355 теңгеге жеткізілім шарты жасалған.

Мас жүргізуші көлік құралдарын басқару құқығынан айырылды

05/07/2017

Байғанин аудандық сотында құқық бұзушы А.Қ.-ға қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 608-бабы 1-бөлігі (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқаруы) бойынша әкімшілік іс қаралды.

Істің материалдарына сәйкес, құқық бұзушы А.Қ. «Уаз 39629-016» маркалы көлік құралын алкогольдік масаң күйінде басқарып, ҚР Жол жүрісі қағидаларының 2.4.2 тармақтарын бұзып, полиция қызметкерлеріне ұсталған.

Пікірлер мен ұсыныстар