Сот актісін орындамағаны үшін әкімшілік қамаққа алынды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Байғанин аудандық сотында Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексінің 669-бабымен (Сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамау) Е.Т.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Істің құжаттарына сәйкес, Е.Т. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексінің 440-бабы 4-бөлігінде (Бір жыл ішінде үш рет қоғамдық орындарға алкогольдік ішімдік ішкен немесе масаң күйде келу) көрсетілген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін Байғанин аудандық ІІБ-нің өтінішхатына сәйкес соттың қаулысымен мінез-құлқына үш ай мерзімге ерекше талаптар белгіленіп, алкогольдік ішімдік ішуге, есірткі, психотроптық заттарды қолдануға тыйым салынған, ерекше талаптың тәртіптерімен танысқан адам бола тұра, одан тиісті қорытынды шығармай осындай әрекетін тағы да қайталап, қоғамдық орында адамның қадір-қасиетін және қоғамдық имандылықты қорлайтын алкогольдік масаң күйінде жүргені үшін полиция қызметкерлеріне ұсталып, ерекше талаптарды бұзып, сот қаулысын орындамаған.

Соттың қаулысымен құқық бұзушы Е.Т. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексінің 669-бабымен кінәлі деп танылып, оған 3 тәулікке  әкімшілік қамаққа алу жазасы қолданылды.

Қаулы заңды күшіне енді.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі