Архив событий

31/07/2017

Тараптар медиация тәртібімен татуласуына байланысты қылмыстық іс қысқартылды

31/07/2017

Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотымен Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188 бабының 1 бөлімімен (ұрлық) азамат У.-ға қатысты қылмыстық ісі қаралды.

Қылмыстық істің құжаттарына сай, аз.У. 09 шілде 2017 жылы, пайдакүнемдік ниетте, бөтен мүлікті жасырын жымқыру мақсатында Мұғалжар ауданы Жем стансасының теміржол вокзалына  кіріп,  аз.А.-ға тиесілі «TP-LINK» маркалы модемді жымқырып, оған 10 790 теңге мүліктік залал келтірген.

20 тәулікке әкімшілік қамауға алынды

31/07/2017

Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотымен Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық  туралы  кодексінің  608 бабының  6  бөлімімен (жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, көлік құралдарын басқару құқығы жоқ адамдар жасаған әрекеттер), азамат Е.-ге қатысты әкімшілік ісі қаралды.

Ақтөбе қалалық сотында нотариус, медиатор және коммуналдық қызметтердің өкілдерінің қатысуымен дөнгелек үстел өтті

31/07/2017

Ақтөбе қалалық сотында Ақтөбе қалалық сотының судьяларының, нотариус А.З.Даулбаева, нотариус С.Н.Бережная, «Ақтөбе облысы бойынша медиация даму орталығы» АҚБ-нің директоры  С.Р.Сидахметова, «Халықаралық құқықтық қорғау орталығы» АҚБ-нің бөлім басшысы  С.А.Балпеисова,  «Халықаралық құқықтық қорғау орталығы» АҚБ-нің кәсіби медиаторлар Р.С.Күлімбетова, А.Ж.Таласпаева, Д.К.Салиқова, «Медиаторлар ұлттық палатасы» АҚБ-нің кәсіби медиаторы  С.Ш.Түлкібаева, «Ақбұлақ» АҚ-ның заң бөлімінің басшысы Д.Б.Сермаханова, «Трансэнерго» АҚ-ның өкілі  А.Г.

Ақтөбе қалалық сотында сақтандыру компанияларының өкілдері мен тәуелсіз бағалаушылардың қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді

31/07/2017

Ақтөбе қалалық сотында «Келтірілген зиянды өтеу туралы дауларды қарау» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Аталған шараға Ақтөбе қалалық сотының судьялары,   АҚ «Коммеск-Өмір», АҚ «Цесна гарант» сақтандыру компанияларының өкілдері, тәуелсіз бағалаушылар қатысты.    

Ақтөбе қалалық сотында «Рухани жаң¬ғыру - мәңгілік ел болудың кепілі» атты дөнгелек үстел өтті

31/07/2017

Ақтөбе қалалық сотында Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын халықтық талқылау шеңберінде  Ақтөбе қалалық сотының судьялары мен Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің тарих ғылымдарының докторы, профессор Т.С.Жұмаганбетов, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің аға оқытушысы Айшуак Дәрменұлы Бақыттың  қатысуларымен  «Рухани жаң­ғыру - мәңгілік ел болудың кепілі» атты дөңгелек үстел өткізілді.

Қобда аудандық сотында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

31/07/2017

Қобда  аудандық  сотында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы » тақырыбында дөңгелек үстел  өткізілді.

Дөңгелек үстел жұмысына сот төрағасы А.Т.Анарбаев,                                 кеңсе меңгерушісі А.К.Маденова, сот мамандары А.Даирова, А.Г.Измухамбетова, А.Б.Хайруллина ,  «Күзет» қызметкерлері  Е.Стацюк , М.Лиманов,  А.Малайдаров,  Т.Ажмуратов ,  М.Сагиев    қатысты.