Архив событий

24/07/2017

«Тараптарды сот отырысына СМС хабарламалардың жолдануы арқылы тиісті шақыртылуы»

24/07/2017

Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотының кеңсе меңгерушісі А.Кушкенбаева сот мамандарының қатысуымен «Азаматтардың сот отырысына СМС хабарламалардың жолдануы арқылы тиісті шақыртылуы» тақырыбында семинар сабағын өткізді.

Дау медиация тәртібімен реттелді

24/07/2017

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен «К» ЖШС-нің «Л» ЖШС-нен  қарыз сомасын  өндіру туралы талабы бойынша азаматтық іс қаралды.

Ақтөбе қаласы №2 сотында «Сыбайлас жемқорлықпен күрес» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

24/07/2017

2017 жылы бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес Ақтөбе қаласы №2 сотында «Сыбайлас жемқорлықпен күрес» тақырыбында сот приставы А.Жакеновтың баяндама оқуымен дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараға кеңсе меңгерушісі Г.Ихсанова және бас мамандар мен жетекші мандар қатысты.

Өз баяндамасында А.Жакенов жемқоролыққа қарсы күрес туралы ҚР заңнамасына нақты тоқталып, талаптарын түсіндірді. Дөңгелек үстел өткізудің басты мақсаты- жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнаманың қатаң түрде сақталып, орындалуы.

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаларды рәсімдеу тәртібі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

24/07/2017

Шалқар аудандық сотында  «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаларды рәсімдеу тәртібі»  атты тақырыпта дөңгелек үстел  өткізілді.

Іс-шараға Шалқар аудандық сотының төрағасы О.Бақтыгереев, судья С.Дәріқұлова, Шалқар аудандық, ішкі істер бөлімінің, Қандыағаш стансасының желілік ішкі істер бөлімінің, аудандық кірістер  басқармасының өкілдері қатысты.

Көлік құралын алкогольдік күйдегі жүргізіп материалдық шығын келтірді

24/07/2017

Қобда аудандық сотында  Қазақстан Республикасы Әкімшілік Құқық Бұзушылық туралы Кодексінің  608-бабының  3-бөлігімен (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) әкімшілік жауапқа тартылған азамат К.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Шалқар аудандық сотында семинар сабақ өткізілді

24/07/2017

Шалқар аудандық сотында  «Прокуратура туралы» 30 маусым 2017ж. №81 заңымен  қабылданған заңды талдау мақсатында семинар сабақ  өткізілді.

Шараға сот төрағасы  О.Бақтыгереев, судья С.Дәріқұлова, соттың мамандары қатысты.

Баяндама жасаған бас маман А.Болысбай  заңның мазмұнына тоқталды.    

Осы Заң Қазақстан Республикасы прокуратурасының мәртебесін, құзыретін, қызметінің ұйымдастырылуы мен тәртібін айқындайтындығын атады.

Автокөлікті мас күйінде басқарған

24/07/2017

Шалқар аудандық сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің  608- бабының 1-бөлігімен  (жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) азамат М.-ға қатысты әкімшілік ісі қаралды.

Жүкті құжатсыз тасымалдау үшін үш миллион айыппұл салынды

24/07/2017

Шалқар аудандық сотында «КТЖ-Жүк тасымалы» АҚ «ГП Ақтөбе бөлімшесі» филиалына қатысты  әкімшілік құқық бұзушылық іс қаралды.

Іс материалдары бойынша,  17.11.2016 ж. 13 360 тонна, 29.11.2016 ж. 13 360 тонна биоотын мұнай өнімдерін Шалқар стансасындағы «ТЭК Қазахстан» ЖШС қоймасынан Тассай стансасының әкімшілік-тұрмыстық бу қазандығына ілеспе жүк құжатынсыз тасымалдап мұнай өнімдерінің айналымы шарттарын бұзған.

Шалқар аудандық сотында брифинг өткізілді

24/07/2017

Шалқар аудандық сотында  2017 жылдың екінші жартыжылдығының сот жұмысының қорытындысы туралы «Шалқар» газетінің  тілшісі М.Мырзалиннің қатысуымен брифинг өткізілді.

Сот төрағасы О.Ә.Бақтыгереев  көрсетілген мерзімде атқарылған жұмыс туралы айтып, есептік мерзімде қаралған қылмыстық, азаматтық  және әкімшілік құқық бұзушылық істерге қатысты және медиация тәртібімен қысқартылған істердің және   «Сот кабинеті» сервисі  арқылы түскен талап арыздар саны   бойынша мәлімет берді.

«Сот шешімін орындау» тақырыбына дөңгелек үстел

24/07/2017

Мәртөк аудандық сотында сот шешімін орындау сұрағы бойынша дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараға Мәртөк аудандық сотының төрағасы М.Дүйсен, судья Е.Нуршарыпов, Мәртөк аудандық прокурорының аға көмекшісі С.Тажгулов, Мәртөк ауданы бойынша мемлекеттік сот орындаушысы Е.Сарманов және сот мамандары қатысты.

Өзбекстан азаматтары заңсыз еңбек қызметімен айналысқан

24/07/2017

Мәртөк аудандық соты Өзбекстан Республикасының 5 азаматтына қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер қарады.

Көші-қон полициясының қызметкерлері Мәртөк ауданы бойынша жедел профилактикалық іс шарасы жүргізу барысында  Өзбекстан Республикасының 5 азаматты анықтаған, олар халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган берген өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілік сәйкестігі туралы анықтаманы алмай отырып, Родниковка ауылында аурухананы салып, заңсыз еңбек қызметімен айналасқан.

Ұсақ бұзақылық үшін жауапкершілік

24/07/2017

Қобда аудандық сотында   Қазақстан Республикасы Әкімшілік Құқық Бұзушылық туралы Кодексінің 434-бабының  1-бөлігімен (ұсақ бұзақылық) әкімшілік құқықбұзушылық жасаған  Т-ға қатысты әкімшілік іс  қаралды.

Медиацияны қолдануы – дауды бітімгершілік жолымен жақсы шешілуі

24/07/2017

Қобда аудандық соты  талап қоюшы Б.-ның жауапкер Т.-ға қарыз ақшасын өндіру туралы талап қою арызы бойынша азаматтық іс  қаралды.

Талап қоюшы Б. жауапкер Т.-дан осы күнге дейін  бермей жүрген   қолхатқа сай  60 855 теңге берешек ақшаны өндіруді сұрап сотқа жүгінген.

Сот отырысында  тараптар сотқа дауды медиация тәртібімен реттеу туралы жазбаша арызды ұсынып, істі өндірістен қысқартуды сұрады.

Соттың жеке ұйғарымдары

24/07/2017

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Ақтөбе облысының денсаулық сақтау Басқармасы» өкілі С.Ишниязов, «Ақтөбе облысының мемлекеттік сатып алу Басқармасы» өкілі Д.Даулетбаев, прокурор А.Аязбаева және сот судьяларының қатысуымен «Соттың жеке ұйғарымдары» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дау медиация тәртібімен реттелді

24/07/2017

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен «О» ЖШС-нің «Б» ЖШС-нен  қарыз сомасын  өндіру туралы талабы бойынша азаматтық іс қаралды.

Азаматтық іс бойынша бітімгершілік келісімі бекітілді

24/07/2017

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен «А» ЖШС-нің «К» ЖШС-нен  658 000 теңге көлемінде берешек сомасын, 24 440 теңге көлемінде тұрақсыздық сомасын және сот шығындарын  өндіру туралы талабы бойынша азаматтық іс қаралды.

Ашық есік күні өткізілді

24/07/2017

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында халыққа құқықтық көмек көрсету, азаматтардың сот жүйесіне деген сенімін нығайту, жеке санаттағы дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейін реттеу бойынша пилоттық жобаны түсіндіру және ақпараттандыру мақсатында  ашық есік күні өткізілді.

Ашық есік күні өткізілді

24/07/2017

Мәртөк аудандық соты 04.01.2017 жылғы сот төрағасының өкіміне сай, сыбайлас жемқорлық қылмыстардың алдын-алу мақсатында, әр айдың екінші сәрсенбісі – «Ашық есік күні» деп белгіленді.

Іс-шараның мақсаты – сот жүйесінің  жұмысына сенімін арттыру,  сот имиджін көтеру, сот қызметімен таныстыру, азаматтардың құқықтық сана-сезімін қалыптастыру және әділдік пен заңдылық  өмірдің  ұстанымы екендігін түсіндіруге бағытталған.

Сотта медиативтік келісім бекітілді

24/07/2017

Мәртөк аудандық соты қарыз сома өндіру туралы азаматтық іс қарады.

Талап беруші аз.А жауапкер аз.Ж. -ға қарыз сома 100 000 теңге өндіру туралы талап арызбен сотқа жүгінген, яғни жауапкер 2015 жылы қараша айында автокөлікті сатып алу туралы келіскен. Содан кейін оған 140 000 теңге кепілақша берген, ал қалған ақшаны 2016 жылы ақпан айында беретіні туралы келіскен.   Бірақ автокөлікке тыйым салған себебінен, сату-сатып алу шарт жасалғанмаған. Жауапкер оған 40 000 теңге қайтарып, ал қалған ақшаны осы күнге дейін қайтарғанмаған.

Маскүнемдіктен мәжбүрлеп емдеуге жолдау туралы арыз қаралды

24/07/2017

Мәртөк аудандық сотында Мәртөк аудандық ОАА бас дәрігерінің азамат А.-ны маскүнемдіктен мәжбүрлеп емдеуге жолдау туралы арызы қаралды.

Мәртөк аудандық ОАА бас дәрігері Ақтөбе облысының маскүнемдік  емдеу ұйымына азамат А.-ны маскүнемдіктен мәжбүрлеп емдеуге жолдау туралы арызбен сотқа жүгінді.

Әкімшілік қамаққа алынды

24/07/2017

Мәртөк аудандық сотында Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-бабының 2 бөлігімен (отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер) аз.Л.-ке қатысты әкімшілік іс қаралды.