Архив событий

28/07/2017

Хромтау аудандық сотымен «Аудандық сот ғимаратындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Кіру тәртібі» тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді

28/07/2017

Дөңгелек үстел жұмысына Хромтау ауданы бойынша Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының қызметкерлері, Хромтау аудандық ішкі істер бөлімінің айдауыл қызметкерлері мен Хромтау аудандық сотының аға сот приставы қатысты.

Хромтау аудандық сотында «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне енгізілген өзгерістерді түсіндіру» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

28/07/2017

Хромтау аудандық сотында  «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне енгізілген өзгерістерді түсіндіру» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. 

Аталған іс шараға, соттың төрағасы А.Балмұханов, судьялар Е.Жеткерген, С.Жумашкина, аудандық прокуратурасының прокуроры А.МАхмудов, Хромтау аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы С.АМанжулов, жергілікті полиция қызметінің бастығының орынбасары А.Абиев және учаскелік полицейлер қатысты.

Қылмыстық іс медиация тәртібімен қысқартылды

28/07/2017

Хромтау аудандық сотымен Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 293-бабының 1-бөлігі бойынша   У.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Істің мәні бойынша, 2017 жылдың 07 шілде күні сотталушы У. бильярд клубының ішінде алкогольдік масаң күйінде қоғамды құрметтемеу анық көрінетін қоғамдық тәртіпті тым өрескел бұзу мақсатында клуб меңгерушісі Е.-ны лас сөздермен балағаттап, үстел үстіндегі ыдыс-аяқтарды қиратып, бұзақылық жасаған.

Мұғалжар аудандық соты шетелдік 3 азаматты ҚР халықтың көші-қоны саласындағы заңнаманы бұзғандары үшін жауапқа тартты

28/07/2017

Мұғалжар аудандық  соты Қазақстан Республикасы  Әкімшілік Құқық Бұзушылық туралы Кодексінің  517-бабы 2-бөлігімен (Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы)   тартылған шетелдік 3 азаматқа қатысты әкімшілік істерін қарады.  

Сотта шетел азаматтарының Қазақстан Республикасының халықтың көші-қон саласындағы заңнаманы бұзғандары анықталды.

Сот  отырысында барлық құқықбұзушы азаматтар  кінәларын мойындап, істеген іс әрекеттеріне өкінетінін айтты.

Азаматтық іс бойынша сот бітімгершілік келісім бекітті

28/07/2017

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен ЖК «В-ның» «Р» ЖШС-нен сома  өндіру туралы талабы бойынша азаматтық іс қаралды.

ЖК «В» «Р» ЖШС-нен 1 648 533 теңге сомасын өндіру туралы сотқа жүгінген.

«Р» ЖШС-і 1 310 161 теңге сомасына тауарды алып кетуді міндеттеу туралы қарсы талабымен жүгінген.

Тараптар өкілдерінен келесі шарттар бойынша бітімгершілік келісімін бекіту туралы өтінішхат түсті: