Архив событий

27/07/2017

Көшпелі дөңгелек үстел өткізілді

27/07/2017

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы Айнұр Имантаева Ақтөбе облысы Қазақстан халқы ассамблеясы ғимаратында «Қоғамдық келісім» ҚММ және «Медиаторлардың Ұлттық палатасы» РҚБ медиаторларының қатысуымен «Медиация бойынша пилоттық жоба» тақырыбында көшпелі дөңгелек үстел өткізді.

Сотпен қарыз ақша өндіру туралы дау қанағаттандырылды

27/07/2017

Ақтөбе қалалық сотымен талап қоюшы  Б.-ның жауапкер «М.» ЖШС-нен қарыз ақша өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

Өз талаптарын талап қоюшы мен жауапкер арасында коттедж жалдау туралы шарт жасалғанын, оның шарттары бойынша жауапкер коттедж жалдауда ай сайын ақысын төлеуді міндеттелгенін негіздеген. Алайда жауапкер өзіне алған міндеттемесін орындамауына байланысты талап қоюшы қарыз ақша өндіру туралы талап арызбен сотқа жүгінген.

Сот зерттелген дәлелдемелерге баға беріп, талап арызды қанағаттандырды.

Материалдық шығын және моральдық залалды өндіру туралы дау медиация тәртібімен реттелді

27/07/2017

Талап қоюшы Е. жауапкер  Т.-дан келтірілген залалды өтеу туралы  талап арызбен соқа жүгінді. Талап қоюшы өзінің талаптарын  жаупкер Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190 бабының 1 бөлігімен көзделген қылмыс жасап, оған  550 000 теңге мөлшерінде материалдық шығын және 200 000 теңге мөлшерінде моральдық залал келтіргенін негіздеген.

Ақтөбе қалалық сотында «Сот медиациясының артықшылықтары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

27/07/2017

Ақтөбе қалалық сотының оқу орталығында Ақтөбе қаласы Әкімшілігінің өкілі Ы.С.Рамазанованың, «Ақтөбе қаласы жер қатынастар бөлімі» РММ өкілі С.Ж.Байназаровның, кәсіби медиатор С.Ш.Тулькубаева мен сот судьяларының қатысуымен «Сот медиациясының артықшылықтары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Ашық есік күні

27/07/2017

Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына арналған жыл сайынғы дәстүрлі жолдауларында құқық қорғау органдарының жұмысының сапасын арттыру, төрешілдікті азайту, соттың ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ету мәселелерін үнемі назарынан тыс қалдырмай келеді.

Халық пен соттың арасын жақындату, сот жүйесінің ашықтығын, жариялылығын, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және соттың жағымды имиджін қалыптастыру мақсатында  Қобда  аудандық сотында «Ашық есік күндері», төрағаның азаматтарды жеке қабылдауы тұрақты түрде болып тұрады.

Дауды татуласу рәсімімен шешу

27/07/2017

Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырлыған ауданаралық сотында талап қоюшы Е.-ның жауапкер И.-ға кәмелетке толмаған балалардың тұрғылықты жерін айқындау туралы талап арызы бойынша азаматтық ісі қаралды.

Сот отырысында тараптар  сотқа татуласу келісімін тапсырып, онда араларындағы келісілген шарт бойынша:

Жауапкер И., кәмелетке толмаған 2008 жылы дүниеге келген баласы М.-ның тұрғылықты жері және заңды мекен-жайын анасымен бірге айқындауға келіседі.

Медиативтік келісім бекітілді

27/07/2017

Алға аудандық сотымен талапкер Б.-ның жауапкер К.-ге төленген ақшаны өндіру туралы  талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Талап қоюшы сотқа берген талап арызында жауапкер К.-ден сатып алған үйдің төленген ақшасын өндіруді сұраған.