Мас жүргізуші көлік құралдарын басқару құқығынан айырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Байғанин аудандық сотында құқық бұзушы А.Қ.-ға қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 608-бабы 1-бөлігі (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқаруы) бойынша әкімшілік іс қаралды.

Істің материалдарына сәйкес, құқық бұзушы А.Қ. «Уаз 39629-016» маркалы көлік құралын алкогольдік масаң күйінде басқарып, ҚР Жол жүрісі қағидаларының 2.4.2 тармақтарын бұзып, полиция қызметкерлеріне ұсталған.

Соттың қаулысымен құқық бұзушы А.Қ. Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 608-бабының 1-бөлігінде көрсетілген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 3 (үш) жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды.

Қаулы заңды күшіне енді.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі