Архив событий

03/07/2017

Әйтеке би аудандық сотында баспасөз мәслихаты өткізілді

03/07/2017

Әйтеке би  аудандық сотында «Жаңалық жаршысы» газетінің тілшісі Е.Әбдіраевтың қатысуымен, 2017 жылдың 1 жартыжылдығында сотпен атқарылған жұмыстарының қорытындысы бойынша баспасөз мәслихаты өткізілді.

Баспасөз мәслихаты барысында сот төрағасы А.Әбдіров, қылмыстық, азаматтық, әкімшілік істер бойынша салыстыру көрсеткіштері туралы айтты.

2017 жылдың 6 айында барлығы 27 қылмыстық іс, 162 азаматтық іс және 150 әкімшілік іс қаралды.

Азаматтық және азаматтық - процестік заңнаманың жаңашылдықтары

03/07/2017

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданарлық экономикалық соты судьялары бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл және халыққа ақпарат беру мақсатында жергілікті телеарналарда тікелей эфирде сөз сөйлейді. Ағымдағы апта бұл үрдісті «Қазақстан – Ақтөбе» телеарнасының «Адам және Заң» бағдарламасында «Азаматтық және азаматтық – процестік заңнаманың жаңашылдықтары» тақырыбында сөз сөйлеуімен судья Ердос Есқалиұлы Байманов жалғастырды.

Медиаторлардың қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді

03/07/2017

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында сот судьяларының және «Халықаралық құқық қорғау орталығы» ҚБ өкілі З.Казиева, «Медиаторлардың Ұлттық палатасы» РҚБ өкілі С.Тулькубаеваның қатысуымен  «Даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.