Әйтеке би аудандық сотында баспасөз мәслихаты өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Әйтеке би  аудандық сотында «Жаңалық жаршысы» газетінің тілшісі Е.Әбдіраевтың қатысуымен, 2017 жылдың 1 жартыжылдығында сотпен атқарылған жұмыстарының қорытындысы бойынша баспасөз мәслихаты өткізілді.

Баспасөз мәслихаты барысында сот төрағасы А.Әбдіров, қылмыстық, азаматтық, әкімшілік істер бойынша салыстыру көрсеткіштері туралы айтты.

2017 жылдың 6 айында барлығы 27 қылмыстық іс, 162 азаматтық іс және 150 әкімшілік іс қаралды.

Қаралған 150 тұлғаға қатысты әкімшілік істің ішінде 31 айыппұл, 75 әкімшілік қамау, 25 арнайы жүргізу құқығынан айыру әкімшілік жазалары қолданылса, 18 адамға қатысты әкімшілік іс өндірістен қысқартылған, 1 іс кәмелетке толмағанға тәрбиелiк ықпал ету шара ретінде заң түсiндiрілді. Барлық істер бойынша қарау тәртібі мен мерзімдері бұзылмаған.

Қаралған 27 қылмыстық істің ішінде 21 үкім шығарылғн, 6 іс өндірістен қысқартылған, соның ішінде 4 іс медиация тәртібімен қысқартылды.

Сонымен қатар, сотта істі қарау кезінде 37 азаматтық іс қысқартылған, соның ішінде 25 іс медиация тәртібімен, бұдан басқа 80 іске шешім, 38 іске сот бұйрығы шығарылған, 6 іс соттылықпен жолданды.

Сондай-ақ, сот төрағасы электронды сот ісін жүргізу жөнінде мәліметті жариялап, «Сот кабинеті» сервисі жөнінде, сондай-ақ үн-бейне жазба құрылғысын пайдалану арқылы бейнехаттама толтырылатынын жария етіп, сотта дауларды медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жоба жүзеге асырылып жатырғанын атап өтті.

Шараны қорытындылай келе БАҚ өкілінің көптеген сұрақтарына жауап беріліп, қатысқан үшін алғысын білдірді.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі