Архив событий

04/07/2017

Қобда аудандық сотында «Сот ғимаратына келушілер үшін өткізу және объектішілік режимдерді қамтамасыз ету жөніндегі қағидалары» тақырыбында семинар өткізілді

04/07/2017

Қобда аудандық сотында «Сот ғимаратына келушілер үшін өткізу және объектішілік режимдерді қамтамасыз ету жөніндегі қағидалары» тақырыбында семинар өткізілді.

Іс-шараға сот төрағасы А.Т.Анарбаев және МКҚБ ММ полиция  взводының   командирі полиция  капитаны Е.В.Стацюк, «Күзет» қызметкерлері М.Лиманов, А.Малайдаров, Т.Ажмуратов, М.Сагиев    қатысты.

Сотты құрметтемегені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

04/07/2017

Шалқар аудандық соты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 653-бабының 1-бөлігімен (Сотты құрметтемеушiлiк) жасақталған А. жөніндегі  әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қарады.

Іс материалдарына сәйкес, 28.06.2017 ж. сағат 11.30-шамасында А-ның қылмыстық іс бойынша белгіленген сот отырысына сотталушы ретінде алкогольдік масаң күйде келгені анықталды.

Сотта брифинг өтті

04/07/2017

2017 жылдың 03 шілде күні Әйтеке би аудандық сотында Әйтеке би аудандық «Жаңалық Жаршысы» газетінің тілшісі Е.Әбдіраевтың қатысуымен брифинг өтті. Брифингте аудандық сот төрағасы А.А.Әбдіров әкімшілік құқық бұзушылық бойынша Литва Республикасының азаматына қатысты әкімшілік іс қаралғанын айтты.

Заңсыз балық аулағаны үшін айыппұл төледі

04/07/2017

Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 383- бабының 3- бөлігімен (Балық аулау және балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау қағидаларын бұзу) азамат М.- ға қатысты әкімшілік іс қаралды.