Архив событий

20/07/2017

Ашық есік күні

20/07/2017

Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Ашық есік күні» ай сайын және азаматтарды қабылдау күн сайын сағат 16.00-18.00 аралығында әр түрлі сұрақтар бойынша өткізіледі. 

Шара барысында сот төрағасы Н.Б.Ормахановқа кәмелетке толмаған балалардың тұрғылықты жерін айқындау туралы сұрағымен азаматша К. мен азамат М.-ды  жүгінген.

Қарғалы аудандық сотының ұйымдастыруымен Қарғалы аудандық тарихи өлкетану музейінде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

20/07/2017

Іс-шараға сот төрағасы Н.Аманкулова, судья А.Шарипбаев, тарихшы Л.Н.Ильчевская, аудандық кітапхана қызметкерлері Г.К.Какенова, Ж.М.Мусина, аудандық жастар орталығының директорының м.а. А.Ж., Түлкібаев,үкіметтік емес ұйым мүшесі А. Жанықұл., ардагерлер ұйымының төрағасы С.Бисенов, тарихи өлкетану мұражайының қызметкерлері А.Т.Суингарина, К.С. Тасымова және БАҚ өкілі К.Т. Байханова қатысты

Шетел азаматы тіркеу кезінде көрсетілген мақсатқа сәйкес емес қызметпен айналысқан

20/07/2017

Әйтеке би аудандық сотында Молдова Республикасының азаматына қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 517-бабының 5-бөлігімен (Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) әкімшілік ісі қаралды.

Ата-аналармен кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу бойынша міндеттерді орындамауда жауапкершілік көзделген

20/07/2017

Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 127-бабының 1-бөлігімен (ата-ананың немесе басқа да заңды өкілдерінің кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу мен оқыту жөніндегі міндеттерді орындамауы)  азамат Г.-ге  қатысты  әкімшілік іс қаралды.

Мұғалжар ауданының жұртшылық өкілдері тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алды алу мәселелерін талқылады

20/07/2017

Мұғалжар аудандық  сотында судья Н.Е.Кендирбаева,  "Аналар кеңесі» ҚҰ өкілі А.Тленбаева, кәсіби  медиатор А.М. Иманбаева, Аудандық прокуратурасының өкілдері А.Утенова, С.П.Шаимова, Мұғалжар аудандық  ішкі істер бөлімінің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау  инспекторы Г.Е. Дангулова және аудандық  ішкі істер бөлімінің қызметкері Г.Жукатаеваның қатысуымен « Тұрмыстық зорлық-зомбылық» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

«Салық салу саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» атты тақырыпта брифинг өткізілді

20/07/2017

Мұғалжар аудандық сотында «Аудандық сотпен 2017 жылдың 1 жартыжылдығында қаралған салық салу саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» (16-тарау) атты тақырыпта брифинг өтті.

Брифингте аудандық соттың судьясы Н.Е.Кендирбаева Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 16-тарауымен көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы «Мұғалжар» аудандық саяси-қоғамдық газетінің өкілі А.Есқараға сұқбат берді.

2017 жылдың 6 айының қорытындысы бойынша баспасөз конференциясы өтті

20/07/2017

Мұғалжар аудандық сотының төрағасы С.З.Тасымбетов  аудандық соттың 2017 жылғы алты айында сот төрелігін жүзеге асыру барысында атқарған жұмысы туралы баспасөз конференциясын өткізді. Аталған шараға аудандық «Мұғалжар» газетінің тілшісі А.Есқара  қатысты.

2017 жылы Мұғалжар  аудандық сотында  сот төрелігін жүзеге асыру сапасын көтеру мен сот істерін жедел қарау қатаң жолға қойылған.

Қылмыстық, азаматтық және әкімшілік құқық бұзушылық істер бойынша көрсеткіштері айтылды.

Қобда аудандық сотында «Ашық есік күн» өткізілді

20/07/2017

19  шілде  күні   2017  жылы   Қобда   аудандық сотында аудан тұрғындарына сот қызметі жөніндегі сұрақтары бойынша ашық есік күні өтті.

Ашық есік барысында сот төрағасы  А.Т.Анарбаев    қатысушылармен түсіндіру сұхбатын өткізді. Азаматтардан, азаматтық, қылмыстық, әкімшілік істердің қаралу мерзімі, тәртібі және сот мәжілістерін дыбыс-бейне жазу құрылғысымен өткізу қағидаты туралы сұрақтар түсті. Азаматтардың қойылған барлық сұрақтарына қанағаттанарлық жауаптар берілді.

Дау партисипативтік тәртібімен шешілді

20/07/2017

Қобда аудандық соты  талап қоюшы М.-ның жауапкер Қ.-ға берген қарыз ақшасын өндіру туралы талап қою арызы бойынша азаматтық іс  қарады.

Талап қоюшы М. жауапкер Қ.-дан 2017 жылдың сәуір айына дейін қайтарамын деген, алайда әлі күнге дейін қайтармай жүрген қолхатқа сай 10 300 теңге қарызын өндіріп беруді сұрады.

Ашық есік күні

20/07/2017

Мұғалжар аудандық  соты сотқа келушілерге арналған «Ашық есік күнін» өткізді.  «Ашық есік күні» шарасы жұртшылыққа құқықтық көмек көрсету, олардың құқықтық мәдениетін көтеру, азаматтардың сот жүйесіне деген сенімін арттыру мақсатында ұйымдастырылады.

Келушілер Мұғалжар аудандық сотының  төрағасы С.З.Тасымбетовтың жеке қабылдауында болып, заңдық көмекке мұқтаж азаматтар көкейкесті сұрақтарымен жүгінді. Сол сұрақтардың арасында алименттің уақытылы төленбеуі, мүлікке қойылған тыйым салу шарасын шешу, ортақ мүлікті бөлу  мәселелері талқыланды.