Архив событий

13/07/2017

Шетел азаматтары тіркеу кезінде көрсетілген мақсаттарға сәйкес емес қызметпен айналысқан

13/07/2017

Әйтеке би аудандық сотында Өзбекстан Республикасының төрт азаматына қатысты Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 517-бабының 5-бөлігімен (Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) әкімшілік істері қаралды.

Кәмелетке толмағанға темекі және темекі бұйымдарын сату

13/07/2017

Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 133- бабының 1-бөлігімен азаматша Н.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс құжаттарға сай азаматша Н., Ақтөбе қаласында орналасқан  «Т» дүкенінің сатушысы бола тұра, жасы он сегізге толмаған 2003 жылы дүниеге келген  А.-ға бір қорап «Ротманс» темекісін сатқан.

Студенттермен кездесу

13/07/2017

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақ гуманитарлық-заң колледжінің «Құқық қорғау органы» мамандығы бойынша 2 курс  студенттерінің қатысуымен «Ашық есік күні» шарасы өткізілді.

Сот төрағасының м.а. А.Мулдагалиев «Ашық есік күні» халыққа құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдениетті көтеру және азаматтардың сот жүйесіне сенімін арттыру, сондай-ақ сот әділдігіне қол жеткізу мақсатында өткізіліп тұратынын атап өтті.

Қарғалы аудандық сотында «Сот отырысында бейне және аудио құралдарын қолдану» тақырыбында семинар сабағы өткізілді

13/07/2017

Қарғалы  аудандық сотында «Сототырысында бейне және аудио құралдарын қолдану» тақырыбында семинар сабағы ұйымдастырылып өткізілді. Іс-шараға Қарғалы  аудандық сотының төрағасы Н.О.Аманкулова, судья А.Шарипбаев, кеңсе меңгерушісі Р.Жонисова мен кеңсе мамандары қатысты. Сот төрағасы Н.О.Аманкулова, сот төрелігін жүзеге асыру бойынша жұмысты оңтайландырудың, сот ісін жүргізудің жоғары деңгейде ашық болуына қол жеткізудің  перспективті бағыттарының бірі ақпараттық   технологияларды,  оның ішінде дыбыс-бейне жазбасын қолдану болып табылатынын айтты.

«Төрелік» ақпараттық-талдау жүйесіндегі электрондық мұрағат

13/07/2017

Қарғалы аудандық сотында «Төрелік» ақпараттық-талдау жүйесінде сот құжаттарының электрондық мұрағатын толтыру жобасын дұрыс қолдану жөнінде мамандардың семинар сабағы өткізілді.Семинар оқуында сот қызметкерлері электрондық мұрағаттың дұрыс толтырылуына қатысты бірқатар мәселелерді талқылады. Бас маман Г.К.Бижанова «Сот құжаттарының электрондық мұрағаты» нұсқаулықтарына сүйене отырып, мұрағатқа істерді тапсыру, істерді қабылдау, ішкі құжаттарды жалғау арқылы жаңа мүмкіндіктерді іске асыру туралы электрондық құжат қалыптасатынын түсіндірді.

2017 жылдың І жартыжылдығында атқарылған жұмыс нәтижесі бойынша баспасөз мәслихаты

13/07/2017

Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотында «Мұғалжар» аудандық газетінің штаттан тыс тілшісі А.Қонақбаевтың қатысуымен сот саласындағы жаңалықтар бойынша және аудандық соттың ағымдағы жылдың 1 жартыжылдығында атқарылған жұмыс нәтижесі туралы баспасөз мәслихаты өтті.

Сот төрағасы А.Муканов өз баяндамасында, есептік кезеңнің сотпен қаралған істер бойынша статистикалық көрсеткіштерге тоқталып өтті: