2017 жылдың І жартыжылдығында атқарылған жұмыс нәтижесі бойынша баспасөз мәслихаты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотында «Мұғалжар» аудандық газетінің штаттан тыс тілшісі А.Қонақбаевтың қатысуымен сот саласындағы жаңалықтар бойынша және аудандық соттың ағымдағы жылдың 1 жартыжылдығында атқарылған жұмыс нәтижесі туралы баспасөз мәслихаты өтті.

Сот төрағасы А.Муканов өз баяндамасында, есептік кезеңнің сотпен қаралған істер бойынша статистикалық көрсеткіштерге тоқталып өтті:

Сот өндірісіне 2017 жылдың 6 айында 22 қылмыстық іс түсіп, қаралған, оның ішінде 18 тұлғаға қатысты 15 іс бойынша үкім шығарылған, 4 іс медиация тәртібімен татуласып, қысқартылған, 2 іс соттылығымен жолданған.

Азаматтық істер бойынша 192 іс және 19 материал, оның ішінде сот бұйрығын шығарумен 53 іс қаралды, 77 шешім шығарылды, 7 іс қараусыз қалдырылған, 49 іс қысқартылған, оның ішінде 16 іс татуласу келісімімен қысқартылды, 22 іс медиация тәртібімен қысқартылған.

159 әкімшілік іс түсіп, қаралған, оның ішінде әкімшілік жаза қолдануымен 143 қаулы шығарылған, 16 іс біріктірілген, 22 іс қысқартылған.

Сот өндірісімен 2017 жылдың 1 жартыжылдығында сот актілерін орындаумен байланысты 126 жадығат қаралған.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Төрағасының өкімімен бекітілген «Сотқа дейінгі дауларды  (жанжалдарды) реттеу бойынша пилоттық жобаны енгізуді іске асыру, жекелеген санаттары бойынша дауларды медиация тәртібімен шешу» жобасы іске асырылып жатқанын және пилоттық жобаның мақсаты, жекелеген санаттағы дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуде азаматтық сот ісін жүргізуді енгізу, бітімгершілік рәсімдерді қолдану аясын кеңейту, азаматтардың сот шығындарын азайту, соттан тыс дауды (жандалдарды) реттеуде халықтың мүдделілігін анықтау болып табылатындығын атап  өтті.

Шара соңында сот төрағасы А.Муканов аудандық газет өкіліне ынтымақтастығы үшін алғыс айтты.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі