Кәмелетке толмағанға темекі және темекі бұйымдарын сату

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 133- бабының 1-бөлігімен азаматша Н.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс құжаттарға сай азаматша Н., Ақтөбе қаласында орналасқан  «Т» дүкенінің сатушысы бола тұра, жасы он сегізге толмаған 2003 жылы дүниеге келген  А.-ға бір қорап «Ротманс» темекісін сатқан.

Сот отырысында  құқықбұзушы Н. кәмелетке толмаған адамға темекі сатқанын  толық мойындап, істеген әрекетіне шын жүректен өкінетінін айтты.

Сот қаулысымен  құқық бұзушы Н. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 133-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған  20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерде, яғни  45 380  теңге көлемінде айыппұл салынды. 

Сот жеңілдететін мән-жайды, атап айтқанда кінәлі адамның өкінуін басшылыққа алып, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 819-бабының 2-бөлігін қолданып, тағайындалған айыппұлдың жалпы соммасын 30 пайызға  қысқартып, Н.-ға түпкілікті 31 766 теңге әкімшілік айыппұл салып, мемлекет пайдасына өндірді.

Қаулы күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі