Студенттермен кездесу

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақ гуманитарлық-заң колледжінің «Құқық қорғау органы» мамандығы бойынша 2 курс  студенттерінің қатысуымен «Ашық есік күні» шарасы өткізілді.

Сот төрағасының м.а. А.Мулдагалиев «Ашық есік күні» халыққа құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдениетті көтеру және азаматтардың сот жүйесіне сенімін арттыру, сондай-ақ сот әділдігіне қол жеткізу мақсатында өткізіліп тұратынын атап өтті.

Сонымен қатар, шара барысында төрағаың  м.а.  студенттерге осы сотта қаралатын істер санаты туралы және сот мәжілісінің хатшыларының міндеттері туралы айтты.

Кездесуді қорытындылай келе, қатысушылар алған мәліметтері мен қызықты саяхат үшін алғыс сөздерін білдірді.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі