Архив событий

14/07/2017

Ойыл аудандық сотында 2017 жылдың 6 ай қорытындысы бойынша баспасөз мәжілісі өтті

14/07/2017

Ойыл аудандық сотында «Ойыл» газетінің редакторы С.Қойбағаровың қатысуымен, сот төрелігін жүргізуде 2017 жылдың 6 айында сотпен атқарылған жұмыстарының  қорытындысы  бойынша баспасөз мәслихаты өткізілді.

Баспасөз мәслихаты барысында сот төрағасы С.З.Танимова қылмыстық, азаматтық, әкімшілік құқық бұзушылық істер бойынша көрсеткіштері туралы айтты.

Тараптар бітімгершілік келісім жасады

14/07/2017

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен «Б» ЖШС-нің «И» ЖШС-ін орындалған жұмыс актілеріне қол қоюға міндеттеу және сома өндіру туралы талабы бойынша азаматтық іс қаралды.

Бітімгершілік келісім бекітілді

14/07/2017

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен «В» ЖШС-нің ДК «К-дан» сома  өндіру туралы талабы бойынша азаматтық іс қаралды.

«В». ЖШС мен ДК «К».  арасында 09.03.2017 ж. жеткізілім шарты жасалған, оның шарттарына сәйкес тауар беруші тауарды жеткізуге, ал сатып алушы қабылдау және төлеуге міндеттенген. Шарттың №1 сипаттізіміне сай төлеу тәртібі: оған қол қойылғаннан бастап үш жұмыс күні ішінде 100% төлем.

Ашық есік күні өткізілді

14/07/2017

Ойыл  аудандық сотында сот төрағасының өкіміне сай,  әр айдың екінші жұмасы  «Ашық есік күні» деп белгіленді.

Іс-шараның мақсаты – сот жүйесінің  жұмысына сенімін арттыру,  сот имиджін көтеру, сот қызметімен таныстыру, азаматтардың құқықтық сана-сезімін қалыптастыру және әділдік пен заңдылық  өмірдің  ұстанымы екендігін түсіндіруге бағытталған.

Ойыл аудандық сотында 14.07.2017 жылы «Ашық есік күні» өткізіліп сот төрағасы С.З.Танимова азаматтардың қабылдауын жүргізді.

Қобда аудандық сотында 2017 жылдың 6 ай жұмыс қорытындысы бойынша баспасөз маслихаты өтті

14/07/2017

Қобда  аудандық сотымен  2017  жылдың  6   айында    атқарылған жұмысы бойынша баспасөз мәслихаты өтті.   Жиынға сот төрағасы  А.Т.Анарбаев   және  жергілікті БАҚ  өкілі  А.Егизбай    қатысты.

2017  жылы  6  айында    аудандық   сотымен  сот төрелігін жүзеге асыру сапасын көтеру мен сот істерін жедел қарау қатаң жолға қойылған

Қобда аудандық сотымен  2017   жылдың  6  айында      барлығы   20  адамға қатысты  16  қылмыстық іс,   192   азаматтық іс және   224   әкімшілік іс қаралған.

Сот белгілеген шектеулерді орындамаған

14/07/2017

Шалқар аудандық сотында сот белгілеген шектеулерді орындамаған азаматқа қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.  

Іс материалдары бойынша құқық бұзушы Ш. Шалқар аудандық сотының 24.04.2017 ж. қаулысымен Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 480-бабының 1-бөлігімен әкімшілік жазаға тартылып, бір жыл ішінде қайталап, 04.07.2017 ж. сағат 00.05-шамасында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адам ретінде әкімшілік қадағалау орнатылған адам бола тұра тұрғылықты жерінде болмаған.

Көлік құралын алкогольдік ішімдік ішкен масаң күйде басқарған

14/07/2017

Алға аудандық сотымен Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 346 бабының 1 бөлігімен айыпталған К-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

 Іс құжаттарына сәйкес, сотталушы  К. 24 маусым  2017 жылы Алға қаласында бұрын-соңды көлік жүргізу құқығынан айырылған күйінде, тағыда қайталап, автокөлікті алкогольдік ішімдік ішкен масаң күйінде жүргізген.

Сот отырысында сотталушы  К. кінәсін толық мойындады. Сонымен қатар, оның  кінәсі іс құжаттары мен куәгерлердің жауаптары негізінде толық дәлелін тапты.

Алкоголді мас күйінде және көлік құралын құжатсыз басқарған

14/07/2017

Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында азамат У.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды, ол көлік құралдарын басқаруға құқығы жоқ тұлға бола тұра,  2017 жылғы 7 шілдеде 03 сағат 10 минут шамасында, Ақтөбе қаласы, Ағ.Жұбановтар көшесінде алкоголді мас күйінде «Vaz 21115» маркалы көлік құралын басқарған, яғни жол қозғалысы ережесінің жүргізушіге көлік құралын мас (алкоголді, есірткімен немесе басқа да) күйінде басқаруға тыйым салатын талабын орындамай, ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608 бабының 6 бөлімінде (көлік құралдарын басқару құқығы жоқ адамдарды

Қылмыстық теріс қылық жасаған

14/07/2017

Ырғыз аудандық сотында Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің 346 бабының 1 бөлігімен (көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған, алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы не көлік құралын басқаруды осындай адамға беру, сол сияқты осындай адамның көлік құралын басқаруына лауазымды адамның немесе көлік құралы меншік иесінің не иеленушісінің жол беруі) азамат К.-ға қатысты қылмыстық теріс қылық туралы іс қаралды.

Көші-қон талаптарын бұзған

14/07/2017

Ырғыз аудандық сотында Қазақстан Республикасы әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 517-бабы                         5-бөлігімен  (Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның жүзеге асыратын қызметі визада және (немесе) тіркеу кезінде көші-қон карточкасында көрсетілген мақсаттарға сәйкес болмауынан көрінген, Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы немесе жұмысқа орналасуға рұқсат алу еңбек қызметін жүзеге асыруға қажетті шарт болып табылатын жағдайда мұндай рұқсатты алмастан Қазақстан Республикасында еңбек қызметін жүзеге асыруы) азама

Дау медиация тәртібімен реттелді

14/07/2017

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен «Е». ЖШС-нің «Н». ЖШС-нен  берешек  өндіру туралы талабы бойынша азаматтық іс қаралды.

2016 жылғы 12 мамырда «Е». ЖШС мен «Н». ЖШС арасында жеткізілім шарты жасалған.

Сыңған терезе үшін қамалды

14/07/2017

Мәртөк  аудандық соты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқыбұзушылық туралы Кодексінің 434 бабы 1 бөлігі (ұсақ бұзақылық, яғни қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, жеке тұлғаларға қорлап тиiсу, тұрғын үй-жайларды қорлау, ортақ пайдалану орындарын, саябақтарды, скверлердi ластау, оның iшiнде белгiленбеген орындарға коммуналдық қалдықтарды тастау және айналасындағыларға сыйламаушылықты бiлдiретiн, қоғамдық тәртiптi және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын басқа да осындай әрекеттер) бойынша айыптағылған Мәртөк ауылының тұрғынын кінәлі деп танылды.

Қоғамдық орында әйелін балағаттағаны үшін жазаланды

14/07/2017

Шалқар аудандық сотында қоғамдық орында тәртіпті бұзған К.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс материалдары бойынша, 2017 жылдың шілде айының 6-күні сағат 18.00 шамасында құқық бұзушы К. Көп пәтерлі үйдің дәлізінде, яғни              қоғамдық орында заңды некедегі жолдасына  лас сөздер айтып балағаттап, тіл зәбірін берген. 

Осы қасақана әрекетімен Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабы 1-бөлігінде көрсетілген ұсақ бұзақылық жасаған.

ҮЕҰ өкілінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді

14/07/2017

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Гендерлік саясаты» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелге  сот судьялары, «Ақтөбе қаласының әйелдерді қолдау орталығы» ҚБ-нің өкілі және прокурор көмекшілері қатысты.

Баяндамамен судья Айнұр Аманжанқызы Имантаева бөлісті. Баяндама мәтініне сәйкес, тәуелсіз елімізде әйелдер құқығын қорғауға мен олардың  кез келген салада жемісті жұмыс атқаруына барынша мән берілетіндігін атап өтті.

Ақтөбе қаласының №2 сотында дөңгелек үстел өткізілді

14/07/2017

Ақтөбе қаласының №2 сотында «Сот актілерін орындау» тақырыбында  дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараға  сот төрағасының міндетін атқарушы Е.С. Бақытжан, судьялар, Ақтөбе қаласы пробация қызметінің бастығының орынбасары Р.М. Төлегенов., Ақтөбе қаласы пробация қызметінің инспекторы М. Дильмухамбетов.,жеке сот орындаушыларының қызметін ұйымдастыру бөлімінің бастығы С.А. Абдигалимов., сот орындаушы Карим Жанат ., жеке сот орындаушысы К.Б. Танкаев., Ақтөбе облысы жеке сот орындаушылар өңірлік палатасының басшысы Ж.Б. Умарова қатысты.