Архив событий

18/07/2017

Сот отбасыны медиативті келісім бекіту арқылы сақтады

18/07/2017

Хромтау аудандық сотында талапкер Г.-ның жауапкер А.-ға неке бұзу туралы азаматтық  ісі қаралды.

Г. өзінің талап арызында А.-мен араларындағы некені мінездері жараспаған соң бұзуды сұрады.

Сот барысында тараптар  медиатордың көмегіне жүгініп, келісім жасады. Онда  тараптар  татуласып, отбасын сақтап қалуды шешті, ал талап қоюшы өз арызынан бас тартты.

Сот тараптарға Қазақстан Республикасының Азаматтық процесстік кодексінің 278-бабының 2-бөлігінің салдарын түсіндірді.

Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған адам бола тұра, автокөлікті масаң күйде басқарған

18/07/2017

Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотымен Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің  346-бабының  1-бөлімімен (көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған, алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы), азамат А.-ға қатысты қылмыстық ісі қаралды.

Азаматтарды қабылдады

18/07/2017

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында азаматтарды қабылдау кестесіне сәйкес сот төрағасының м.а. А.К.Мулдагалиев жұмыстағы уақыт тәртібі бойынша, күн сайын азаматтарды қабылдайды.

18.07.2017 жылы сот төрағасының м.а. А.К.Мулдагалиев жеке қабылдау өткізді. Жеке қабылдауда Ақтөбе қаласының тұрғыны азаматша М. болды.

«Сот кабинеті» ақпараттық сервисі арқылы электрондық құжаттарды жіберу» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді

18/07/2017

 «КАЗАКТЕЛЕКОМ» АҚ Қобда  филиалында   «Сот кабинеті»   ақпараттық сервисі арқылы электрондық құжаттарды жіберу» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді.

 Қобда   аудандық сотының  кеңсе  меңгерушісі А.К.Маденова   көрнекті түрде  электрондық талап арызды, әкімшілік істерді,   апелляциялық шағымды және басқа электрондық құжаттарды жіберу тәртібі, мемлекеттік бажды онлайн-төлемі, іс бойынша тарихын немесе сот актілерін шығарып алу.

Ақтөбе облыстық филиалының «Ардагерлер ұйымы» қоғамдық ұйымы өкілдерімен бірлескен қызметкерлерімен кездесу өткізілді

18/07/2017

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының жетекші маманы Р.Т.Жакина ҚҰ «Ардагерлер ұйымы» Ақтөбе облыстық филиалының өкілдерімен кездесу өткізді. «Ардагерлер ұйымы» қызметкерлері арасында «Жазба-бейне құрылғысы»,  «Төрелік» және «Сот кабинеті» жүйелерінің жұмысын жақсарту сұрақтары талқыланды.

Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотында азаматтық іс медиация тәртібіндегі пилоттық жоба аясында қаралды

18/07/2017

Талапкер С. жауапкер У.-ға неке бұзу туралы талап арызымен сотқа жүгінді.

Сотпен тараптарға пилоттық жобаны іске асыру туралы медиацияның артықшылықтары түсіндірілген хабарлама жолданып, медиативтік келісімді бекітудің және істі өндірісімен тоқтатудың салдары түсіндірілді.

Содан кейін, тараптардан дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаға қатысу туралы өтініш берілген.