Архив событий

25/07/2017

Қырғызстан азаматы көлік құралын басқару құқығынан айырылды

25/07/2017

Шалқар аудандық сотында Қырғызстан Республикасының азаматы Ш.-ға қатысты  Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің   610 - бабының 1 – бөлігімен (Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң белгiленген қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтiруге, көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне әкеп соққан бұзушылығы)  әкімшілік іс қаралды.

Қобда аудандық сотында брифинг өткізілді

25/07/2017

25 шілде 2017 жылы Қобда аудандық сотында  судья   Ш.Е.Есжановамен   «Қобда» газетінің тілшісі   А.Егизбай    қатысуымен «Тергеу судьяларымен Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процессуалдық  кодексінің нормаларын қолданылуы және олардың өкілеттігі» туралы тақырыпқа брифинг  өткізілді.

Оңалту мен банкроттық туралы азаматтық істерді қараудың ерекшеліктері

25/07/2017

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының  судьясы Алғабек Мырзамұратұлы Жүсіпов «Қазақстан-Ақтөбе» телеарнасының «Адам және заң» бағдарламасында «Оңалту мен банкроттық туралы азаматтық істерді қараудың ерекшеліктері» туралы ақпарат берді.

Мас жүргізуші көлік құралдарын басқару құқығынан айырылды

25/07/2017

Байғанин аудандық сотында құқық бұзушы Б.-ға қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 608-бабы 1-бөлігі (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқаруы) бойынша әкімшілік іс қаралды.

Істің материалдарына сәйкес, құқық бұзушы Б. «Уаз 31514 017» маркалы көлік құралын алкогольдік масаң күйінде басқарып, ҚР Жол жүрісі қағидаларының 2.4.2 тармақтарын бұзып, полиция қызметкерлеріне ұсталған.

Сотта брифинг өтті

25/07/2017

2017 жылдың 25 шілде күні Әйтеке би аудандық сотында Әйтеке би аудандық «Жаңалық Жаршысы» газетінің тілшісі Е.Әбдіраевтың қатысуымен брифинг өтті. Брифингте аудандық сот төрағасы А.А.Әбдіров әкімшілік құқық бұзушылық бойынша Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 610-бабының 1-бөлігімен (Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң белгiленген қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтiруге, көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне әкеп соққан бұзушылығы) әкімшілік іс қаралғанын айтты.

Дау медиация тәртібімен шешілді

25/07/2017

Алға аудандық сотымен талап қоюшы С.-ның жауапкер И.-ге пәтерін су алып кетуіне байланысты келтірілген залалды өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

алап қоюшы сотқа берген талап арызында жауапкер И.-дің кінәсімен пәтерді су алып, қонақ бөлмесінің төбесі, терезесінің бояуы ағып кеткенін, 25 000 теңге тұратын теледидарының және 1 500 теңге тұратын тоқ жүйесінің жанып кетіп материалдық залал келтірген.    

Кәсіби емес медиаторлардың қатысуымен семинар-тренинг өткізілді

25/07/2017

Ақтөбе облысы Алға аудандық соты «Сотқа дейінгі дауларды (жанжалдарды) реттеуді жекелеген санаттар бойынша медиация тәртібімен шешуді тиімді енгізудің пилоттық жобасын іске асыру» тақырыбында семинар-тренинг өткізді.

Іс-шараға судьялар және кәсіби емес медиаторлар Ж.Қонжарұлымен  С.Қонысбаева қатысты.

Семинар-тренингтің модераторы ретінде судья Ж.С.Исаналина сөз сөйледі.

Сот мамандарымен «аудио-бейне жазба құрылғысын қолдану міңдеттілігі» тақырынбында семинар өтті

25/07/2017

2017 жылдың  25 шілде   күні    Қобда аудандық   сотында  сот отырысының  басталу  және аяқталу уақытын сақтау, аудио-бейне жазба құрылғысын қолдану міндеттілігі, тараптарды тиісті түрде сот отырысына шақыру мәселелері талқыланды.

Шараға кеңсе меңгеруші  А.К.Маденова   және  бас  мамандар  сот  мәжілісінің  хатшылары Г.Н.Абишева, А.Б.Даирова  қатысты.