Қарғалы аудандық сотында «Сот отырысында бейне және аудио құралдарын қолдану» тақырыбында семинар сабағы өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қарғалы  аудандық сотында «Сототырысында бейне және аудио құралдарын қолдану» тақырыбында семинар сабағы ұйымдастырылып өткізілді. Іс-шараға Қарғалы  аудандық сотының төрағасы Н.О.Аманкулова, судья А.Шарипбаев, кеңсе меңгерушісі Р.Жонисова мен кеңсе мамандары қатысты. Сот төрағасы Н.О.Аманкулова, сот төрелігін жүзеге асыру бойынша жұмысты оңтайландырудың, сот ісін жүргізудің жоғары деңгейде ашық болуына қол жеткізудің  перспективті бағыттарының бірі ақпараттық   технологияларды,  оның ішінде дыбыс-бейне жазбасын қолдану болып табылатынын айтты. Бас маман-сот отырысының хатшысы А.Файзуллина   практикалық түсіндіру арқылы дыбыс-бейне жазбаны қолдануды көрсетіп өтті. Шара барысында нұсқаулыққа сай, дыбыс-бейне жазбаны қолданудын кейбір мәселелері де талқыланды. Семинар соңында сот төрағасы қазіргі заманғы ақпараттық  технологияларды қолдану аудандық және оған теңестірілген соттарының жұмыс жасау сапасының өлшемдерінің бірі болып табылатынын атап өтті.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі