«Төрелік» ақпараттық-талдау жүйесіндегі электрондық мұрағат

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қарғалы аудандық сотында «Төрелік» ақпараттық-талдау жүйесінде сот құжаттарының электрондық мұрағатын толтыру жобасын дұрыс қолдану жөнінде мамандардың семинар сабағы өткізілді.Семинар оқуында сот қызметкерлері электрондық мұрағаттың дұрыс толтырылуына қатысты бірқатар мәселелерді талқылады. Бас маман Г.К.Бижанова «Сот құжаттарының электрондық мұрағаты» нұсқаулықтарына сүйене отырып, мұрағатқа істерді тапсыру, істерді қабылдау, ішкі құжаттарды жалғау арқылы жаңа мүмкіндіктерді іске асыру туралы электрондық құжат қалыптасатынын түсіндірді. Сонымен қатар, сот мамандары жоғарыда аталған жүйені жетілдіру процесінің мәнін терең ұғынып, оны қолдану тәртібін пысықтады.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі