Шетел азаматтары тіркеу кезінде көрсетілген мақсаттарға сәйкес емес қызметпен айналысқан

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Әйтеке би аудандық сотында Өзбекстан Республикасының төрт азаматына қатысты Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 517-бабының 5-бөлігімен (Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) әкімшілік істері қаралды.

Істің құжаттарына сай, шет ел азаматтары Қазақстан Республикасына 28 маусым 2017 жылы жеке мақсаттармен келген, содан Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы, Әйке ауылында шаруашылық заттарын сатқаны үшін, оларға халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік хаттама толтырылған. Сөйтіп Өзбекстан Республикасының төрт азаматы, көші-қон карточкасында көрсетілген мақсаттарға сәйкес қызмет жасап, Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 517-бабы 5-бөлігімен көзделген көші-қон саласындағы заңнамасын бұзғаны анықталды.

Сот қаулысымен төрт шетел азаматтары Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 517-бабы 5-бөлігімен кінәлі деп танылып, әрқайсысы 1 тәулік әкімшілік қамауға алынды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі