Азаматтық және азаматтық - процестік заңнаманың жаңашылдықтары

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданарлық экономикалық соты судьялары бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл және халыққа ақпарат беру мақсатында жергілікті телеарналарда тікелей эфирде сөз сөйлейді. Ағымдағы апта бұл үрдісті «Қазақстан – Ақтөбе» телеарнасының «Адам және Заң» бағдарламасында «Азаматтық және азаматтық – процестік заңнаманың жаңашылдықтары» тақырыбында сөз сөйлеуімен судья Ердос Есқалиұлы Байманов жалғастырды.

Судья азаматтық заңнаманың негізгі жаңашылдықтары туралы ақпараттандырып, күмәнді және жарамсыз мәмле секілді терминдерге түсінік берді, сот талқылауына істі тағайындау мерзімі мен азаматтық істі қарау рәсіміне заң шығарушы қандай жаңашылдық енгізгендігін айтты. Сонымен бірге, аталмыш өзгертулер қатардағы азаматтарды сот төрелігіне қолжетімді шарттармен қамтамасыз ету мақсатында азаматтық заңнаманы жетілдірумен байланысты екендігін атап өтті. Нақты осындай тапсырмалар судьялардың VII съезінде Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевпен қойылған болатын.

Эфир соңында судья бағдарлама жүргізуші мен барлық БАҚ өкілдерін өткен кәсіби мерекелерімен құттықтап және қызметте өркендеу тіледі. Ал жүргізу өз тарапынан бағдарламаға қатысқандығы үшін судьяға алғысын білдірді.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі