Ювеналдықсоттағы партисипативтік келісім

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында талап қоюшы А.-ның жауапкер Г.-ға кәмелетке толмаған баланың әкелігін тану және алимент өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

Қазақстан Республикасының азаматтық процессуальдық кодексінің 181-бабына сай тараптар сот кеңесу бөлмесіне кеткенге дейін дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы өтініш хаты мәлімдеуге құқылы.

Партисипативтік рәсім екі тараптың да адвокаттарының дауды реттеуге жәрдемдесуі мен тараптар арасында келіссөздер жүргізу арқылы судьяның қатысуынсыз өткізіледі.

Ақтөбе облысының адвокаттар алқасыныңа двокаттары Н.С.Дуйсенбекова мен Г.С.Акбаров ата-ана арасындағы дауды реттеуді қолдап, сотқа партисипативтік рәсім тәртібімен реттелген келісімді бекітудісұрады.

Партисипативтік рәсім тәртібімен реттелген келісім заңталаптары мен кәмелетке толмаған баланың мүддесіне сәйкес екені ескеріле отырып, сотпен бекітілді.

Сот ұйғарымы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі