Автокөлік жолаушысы жауапкершілікке тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында азамат Б.-ға қатысты әкімшілік іс оның ісін сотта қарау туралы арызына сәйкес  түсіп қаралды.

Сотта анықталғандай, азамат Б. 2017 жылдың 13 маусымында шамамен 13 сағат 40 минутта, Абай даңғылы мен Есет-батыр көшесінің қиылысында,  «Opel Vectra» автокөлігінің жолаушысы бола тұра қауіпсіздік белдігін тақпаған, сөйтіп Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 615 бабының 1-бөлімінде (жаяу жүргiншiлердiң және жол жүрісіне өзге де қатысушылардың жол жүрісі қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету қағидаларымен белгiленген талаптарды орындамауы)  көрсетілген құқық бұзушылықты жасаған. 

Заңды күшіне енбеген сот қаулысымен ол 11 345 теңге әкімшілік айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі