Алға аудандық сотында 2017 жылдың 6 ай жұмыс қорытындысы бойынша баспасөз маслихаты өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алға аудандық сотында 2017 жылдың 6 ай жұмысы қорытындысы бойынша баспасөз маслихаты өтті.

Шараға аудандық сот төрағасы Е.С.Мұратқанов және аудандық «Жұлдыз-Звезда» газетінің тілшісі А.Тулеуова қатысты.

Сот төрағасы Е.С.Мұратқанов өз баяндамасында, есептік кезеңнің сотпен қаралған істер бойынша статистикалық көрсеткіштерге тоқталып өтті.

2017 жылдың 6 айында сотпен 50 қылмыстық істер қаралды, оның ішінде  12 іс медиация тәртібімен қысқартылды, 475 азаматтық іс қаралып, оның ішінде 49 медиация тәртібімен қысқартылды,  399 әкімшілік іс қаралды, оның ішінде 12 медиация тәртібімен қысқартылды.

Сонымен қатар, электронды құжаттарды «Сот кабинеті» жүйесі арқылы жолдау, қабылдау сұрақтары талқыланды.

2017 жылдың 6 айында «Сот кабинеті» жүйесі арқылы 488 талап арыз, 400 әкімшілік іс түсті, 100%  құрайды.

2017 жылдың  6 айында сот жұмысының жұмыс жоспары бойынша  судьялар мен  мамандар  арасында  45 семинар сабақтары, 34 дөңгелек үстел өткізілгенін,  Ақтөбе облыстық сотының сайтында 31 пресс релиздер жарияланғанын, жергілікті газет «Жұлдыз-Звезда» бетінде 26 мақала, «Заң» газет бетінде 4 мақала, Заңгер журналына 2 мақала, «ЗАҢМЕДИА» журнал бетінде 1 мақала жарық көргені, сонымен қатар, халықпен 106 кездесулер ұйымдастырылғанын, радиорубка  арқылы 59 баяндама оқылғаны атап өтілді.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі