2017 жылдың 6 айлық Мәртөк аудандық сотының жұмыс қорытындысы баспасөз мәслихатында талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Мәртөк аудандық сотында бұқаралық ақпарат құралдары «Мәртөк тынысы» газетінің тілшісі Қалпиева Аманат қатысуымен, 2017 жылы 6 айында сотпен  атқарылған жұмыстарының  қорытындысы  бойынша баспасөз мәслихаты  өтті.

Баспасөз мәслихатында төраға М.Дүйсен статистикалық мәліметтерді, істер санаттары туралы және қылмыстық, азаматтық, әкімшілік құқық бұзушылық істер бойынша өткен жылдың мезгілімен салыстыру көрсеткіштері айтылды.

2017 жылдың  6  айында  35 тұлғаға қатысты 31 қылмыстық іс, 193 азаматтық іс, 301  әкімшілік істер қаралды.

Атап айтқанда, 23 сотталушыға қатысты 22 қылмыстық іс бойынша үкім шығарылды, 8 адамға қатысты 6 қылмыстық іс өндірісі қысқартылды, оның ішінде сотталушының жәбірленушімен татуласуына байланысты 7 адамға қатысты 5 қылмыстық іс, 1 адамға қатысты 1 қылмыстық іс прокуратураға қайтарылды, 2 іс соттылығы бойынша жолданды.

Сонымен қатар 7 адамға 5 қылмыстық іс өндірістері кәсіпқой емес медиатор қатысуымен арқылы қаралған, барлық істер бойынша медиация әдісі қолданылған.

Сотта қаралған 193  азаматтық істер бойынша: 84 азаматтық іс шешім шығару арқылы, 31 іс сот бұйрығын шығару арқылы қаралған, 66 іс өндірісі қысқартылған, соның ішінде медиация әдісін қолданумен 41 азаматтық іс бойынша, Қазақстан Республикасының азаматтық процессуальдық кодексінің 277 бабы 4 тармағына сәйкес 5 іс бойынша талап қоюшылар талаптан бас тартылды, 12 іс соттылығы бойынша жолданды.

Баспасөз мәслихатына келген БАҚ өкілінің әртүрлі сұрақтары тыңдалып, көптеген сұрақтарына жауап берілді.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі