Шалқар аудандық сотында Астана күніне арналған дөңгелек үстел өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шалқар аудандық сотында  Үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерінің қатысуымен  Астана күніне арналған дөңгелек үстел өткізілді. 

Сот төрағасы О.Ә. Бақтыгереев Астана күніне арналған баяндама жасады, елорданың маңызына тоқталды.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың саясатының арқасында елордамыз бүгінгі таңда елдің төрі - барша ұлт пен ұлыстың басын қосқан бірлік мекеніне айналғанын, жас астананың өзiндiк дәстүрi мен тарихы тереңнен басталатынын, әлемдiк архитектураның үздiк үлгiлерi бойынша тұрғызылған тұғырлы қала екенін айтып өтті.

 Сот төрағасы О.Ә. Бақтыгереев қатысушыларды  Астана күнімен құттықтады.

Шара соңыңда  судья С.Дәріқұлова  елордаға  өзі арнап  шығарған өлеңін  оқыды.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі