Дау медиация тәртібімен реттелді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен «А» ЖШС-нің «С» ШҚ-нан  берешек  өндіру туралы талабы бойынша азаматтық іс қаралды.

Талап арызға сәйкес «А» ЖШС мен «С» ШҚ арасында 2013 жылғы 14 сәуірдегі  №44 – 1, №44 – 2 және 2013 жылғы 29 маусымдағы №118 – 1, №118 – 2 жалпы сомасы 24 633 355 теңгеге жеткізілім шарты жасалған.

Шарт талаптарына сай кредитор борышқорды дәнді дақылдар тұқымы мен бидай түріндегі тауар несиелерімен қамтамасыз еткен. Алынған тауар несиелері үшін борышқор 2013 жылғы 1 қарашаға дейін қолма-қол ақшалай қаражатты есеп айырылысу шотына аудару немесе кассаға енгізу арқылы есеп айырылысуға міндеттенген. Борышқормен жоғарыда аталған шарттарға байланысты есеп жеткілімді алған күннен бастап бүгінгі күнге дейін жасалмаған. Осыған байланысты, 2017 жылғы 29 маусымға берешек 24 633 355 теңгені құрайды.

Тараптардан медиация жүргізу туралы өтінішхат және дауды медиация тәртібімен реттеуді бекіту туралы келісім түсті, оның шарттарына сәйкес:

 «А» ЖШС ерікті төлем жасауды ескере отырып 2013 жылғы №118 – 1, №118 – 2 шарттары бойынша талабын 24 633 355 теңгегеден 23 704 700 теңгеге азайтады.

«С» ШҚ-ның басшысы 23 704 700 (жиырма үш миллион жеті жүз төрт мың жеті жүз) теңге көлеміндегі қалған соманы келесі тәртіпте төлеуге міндеттенеді:

12.04.2013 жылғы №44-1 шартына байланысты  5 031 500 (бес миллион отыз бір мың бес жүз) теңге берешекті 01.11.2017 жылғы мерзіміне дейін, 13.04.2013 жылғы 18 673 200 (он сегіз миллион алты жүз жетпіс үш мың екі жүз) теңге берешектің ішіндегі 5 673 200 (бес миллион алты жүз жетпіс үш мың екі жүз) теңгені 2017 жылғы 01 желтоқсанда дейін, 6 500 000 (алты миллион бес жүз мың) теңге 2018 жылғы 01 тамызға дейін, 6 500 000 (алты миллион бес жүз мың) теңге 2018 жылғы 10 қарашаға дейін.

Сот ұйғарымымен дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім бекітілді, сонымен қатар 739 001 (жеті жүз отыз тоғыз мың бір) теңге көлеміндегі мемлекеттік баж қайтарылды, іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі