Дау медиация тәртібімен шешілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алға аудандық сотымен талапкер Г.-ың жауапкер Т.-ге басқа біреудің заңсыз иелігінен мүлікті талап ету туралы  талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Талап қоюшы сотқа берген талап арызында жауапкер Т.-ден заңсыз иелігінен мүлікті, яғни өзіне тиесілі автокөлікті  қайтаруды сұраған.                                                           

Сот отырысында тарап қоюшы дауды медиация  тәртібімен реттеу туралы келісімге келді, яғни талапкер өзіне тиесілі автокөлікті жауапкер Т.-дің атына аударып, талап арызынан бас тартып, ал жауапкер өз тарапынан автокөлікке қатысты жинақталған салық бойынша берешегін 10.07.2017 жылға дейін төлеуге міндеттеленді, іс  бойынша іс жүргізу тоқтатылды.

Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі