Сот отырысы залында тәртіп бұзғаны үшін ескерту берілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында азаматша Д.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды, ол 2017 жылдың 27 маусымында, Ақтөбе қаласы мамандандырылған әкімшілік сотының сот отырысы залында, өзі жәбірленуші ретінде қатысатын М.-ға қатысты істі қарау барысында, сот залында тәртіпті бірнеше рет бұзып, судьяның ескертпесін елемеген, яғни осы әрекетімен сотқа құрметтемеушілік көрсеткен, сөйтіп ол Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 653 бабының 1-бөлімінде (сотты құрметтемеушілік, сот отырысында төрағалық етушiнiң өкiмдерiне бағынбаудан көрiнген әрекеттер) көрсетілген құқық бұзушылықты жасаған.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 1998 жылғы 14 мамырдағы «Қазақстан Республикасының соты туралы заңдылықтарды қолданудың кейбір мәселелері туралы» №1 нормативтік Қаулысының 9 тармағына сәйкес сотта болудың белгіленген ережесін бұзу және сотқа деген менсінбеушілік анық көрінетін кез-келген әрекет сотқа құрметтемеушілік  болып танылады.

Сот қаулысымен азаматша Д. ескерту түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі