Архив событий

29/04/2016

Тыл ардагерімен кездесу

29/04/2016

1-мамыр-Қазақстан Халықаралық бірлігі күні Шалқар  аудандық сотының ұжымы, Ұлы Отан Соғысының тыл ардагері 01.04.1923 жылы түған  Нурия Мендигалиевна Темиргалиеваның ардагерді мерекесімен құттықтады.

Ұлы Отан Соғысы мен тыл ардагерлеріне құрмет көрсету бұл  болашақ ұрпақты патриот болуға және ерлік жасауға тәрбиелеу болып табылады- деді сот төрағасы. Сот ұжымы атынан тыл ардагеріне сыйлықтар табыс етілді.

Сот жүйесінің қызметі туралы көшпелі түсіндіру

29/04/2016

Мәртөк аудандық сотының судьясы Е.Нуршарыпов және кеңсе меңгерушісі Д.Бекмухамбетова Мәртөк аудандық  қорғаныс істер жөніндегі бөлімінің қызметкерлері арасында ҚР «Медиация туралы»,  «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы Заңдары бойынша және  «Сот кабинеті» сервисі бойынша түсіндіру жұмыстарын өткізді.

Кездесудің басты мақсаты  сот процесінде татуластыру әдістері туралы, әскери қызметшілердің жауапкершілігі және сот жүйесіндегі инновациялық жобаларды насихаттау.

Экономиялық сотында брифинг өткізілді

29/04/2016

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында БАҚ қатысуымен қоғамдық қызығушылық туғызатын істер бойынша брифинг өткізілді.

Брифингке «Капитал» гәзеті, «Диапазон» гәзеті,  «Актобе таймс» гәзеті және  «Рика ТВ» телеарнасының өкілдері қатысты.

Баяндамаларымен судьялар А.Жүсіпов, Г.Ізбасарова сөз сөйледі.

1 Мамыр -Қазақстан халықтарының бірлігі күні

29/04/2016

Тарихи қазақ жерінде ғасырлар бойы әртүрлі мәдениетті, дінді және салт-дәстүрлі халықтардың тағдырлары тоғысты. Екі өркениеттің тоғысында орналасқан бұл берекелі жер Батыс пен Шығысты, христиандар мен мұсылмандарды жалғай отырып, барлық уақытта да әртүрлі халықтардың, мәдениеттер мен діндердің байланыстырушы буыны болып келді. Бүгінде қазіргі этносаяси үрдістер жағдайында Қазақстан ерекше миссияны - Еуразия құрлығында бейбітшілік пен келісімді қамтамасыз ету мақсатында халықтарды біріктіруге талаптанып отыр.

Экономикалық сотының судьясы Ақтөбе облыстық Жасөспірімдер үйіне демеушілік көмек көрсетті

29/04/2016

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты  Ақтөбе облыстық «Жасөспірімдер үйіне» (ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды және жетім балаларды әлеуметтік-бейімдеушілік орталық) демеушілік көмек көрсетті.

Жасөсіпірімдер үйінде тәлімгер-оқытушылардың қарауымен 65 тәрбиленуші тұрады. Балалар санаты 20-23 жастағы оқушы жастарды құрайды.

Аудандық сотында брифинг өткізілді

29/04/2016

Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотында «Мұғалжар» аудандық газетінің штаттан тыс тілшісі А.Қонақбаевтың  қатысуымен брифинг өткізілді.

Брифинг барысында сот төрағасы А.Сабыровпен Қазақстан Республикасының ҚК-нің 188-бабының 1-бөлімімен сотталушы Ж.  қатысты қылмыстық ісі бойынша түсініктеме берілді.   

Қылмыстық іс бойынша брифинг

29/04/2016

Қобда аудандық сотында «Қобда» аудандық газетінің штаттан тыс тілшісі А.Егізбаеваның қатысуымен брифинг өткізілді.

Брифинг барысында сот төрағасы А.Анарбаев Қазақстан Республикасының ҚК-нің 346-бабының 1-бөлігімен сотталушы Б.  қатысты қылмыстық ісі бойынша түсініктеме берілді. 

Еңбек ақыны төлемегені үшін жауапкершілік

29/04/2016

Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК – нің 87-бабының 1-бөлігі бойынша (еңбек ақы төлеу жөніндегі тараптарды бұзу) жеке кәсіпкер «Б» қатысты әкімшілік іс қаралды.

Ірі мөлшерде бөтеннің мүлкін жымқыру

29/04/2016

Ойыл аудандық сотында Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 188-бабының 3-бөлігімен (ірі мөлшерде бөтеннің мүлкін жымқыру) сотталушы М. қатысты қылмыстық іс қаралды.

Аудандық сотында азаматтарға жеке қабылдау өткізілді

29/04/2016

Соттың ашықтығын, жариялылығын қамтамасыз ету, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және соттың жағымды имиджін қалыптастыру мақсатында Байғанин аудандық сотында «Ашық есік» күні өткізілді.

Сот төрағасы Ж.Қуанышевқа аудан орталығының тұрғыны К.Ж. ЖШС-нің электрик маманының әрекетінің заңдылығына дауласу туралы мәселесі бойынша жүгінген.

Сот төрағасы келушіге Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің талаптарын К.Ж-ға түсіндірді.

Аудандық сотында ұялы байланыс құралдарын пайдалану сұрақтары талқыланды

29/04/2016

Қобда  аудандық сотында  Ақтөбе  облысы  МКҚБ ММ 1-ші  ПБ №7 полиция  взводының   командирі полиция  капитаны Е.Стацук  және кеңсе меңгерушісі  А.Маденовамен    арасында    кездесу өткізілді.

Қылмыстық іс бойынша тараптар татуласқан

29/04/2016

Шалқар аудандық сотында Қазақстан Республикасының ҚК-нің 188-бабының 1-бөлігімен азаматша Ш. қылмыстық іс қаралды (бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру).

Іс материалдырына сәйкес  азаматша Ш.  2016 жылы 5 сәуір  Шалқар қаласы, МПС  көшесі, мекен-жайында орналасқан өз үйінде енесінің зейнетақысы түсетін банкоматтық картасын пайдакүнемдік ниетте  жасырын жымқырып, банкоматтан 44 770 теңге зейнетақыны алып өз пайдасына жаратқан, Қазақстан Республикасының ҚК-нің 188-бабының 1-бөлігінде көрсетілген қылмыс жасаған.