Архив событий

19/04/2016

«Гендерлік саясат және татуласу рәсімдер туралы» тақырыбындағы көшпелі дәріс

19/04/2016

Мәртөк аудандық сотының судьясы Е.Нуршарыпов Мәртөк аудандық  орталық ауруханасының қызметкерлері арасында «Гендерлік саясат және татуласу рәсімдер туралы» тақырыбында көшпелі дәріс өткізді.

Сот шешімінің орындалуы – өзекті мәселе

19/04/2016

Байғанин аудандық сотында «Сот шешімінің орындалуы – өзекті мәселе» деген тақырыпта дөңгелек үстел болып өткізілді.

Оған аудандық соттың ұжымы мен Байғанин аудандық аумақтық бөлімінің аға сот орындаушысы Қ.Е.Ізтұрғанов қатысты.

Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында брифинг өткізілді

19/04/2016

Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында қаралатын істердің басым бөлігін көліктегі құқық бұзушылықтарға қатысты  істер құрайды. Жол ережелері мен жол белгілері талаптарының сақтамауынан туындайтын әрекеттердің салдары да әртүрлі.

Брифинг барысында «Рика ТВ» телеканал өкілдерінің қатысуымен судья С.Абишева мен А.Еламанова аталған құқық бұзушылықтарға қатысты қаралған істер бойынша мәлімет беріп, жол белгісі талабын сақтамағаны үшін азаматтардың  жауапкершілігі туралы атап өтті.

«Сот актілерінің орындалуы туралы» тақырыбындағы семинар сабағы

19/04/2016

Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотында судьялар, Ембі қалалық әкімиятының, прокуратура, Ембі қалалық полициясы бөлімшесінің, басқа да мекемелер өкілдерінің және медиатордың қатысуларымен «Сот актілерінің орындалуы туралы» тақырыбында семинар сабағы өткізілді.

«Қазақстан Республикасының Жаңа Азаматтық процестік кодексінде қамтылған бітімгершілік келісіммен немесе дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу» тақырыбындағы дөңгелек үстел

19/04/2016

Алға аудандық сотында «Қазақстан Республикасының Жаңа Азаматтық процестік кодексінде қамтылған  бітімгершілік келісіммен немесе дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу» тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел жұмысына Ақтөбе облыстық сотының судьясы Б.Алматова, медиаторлар, адвокаттар,  аудан прокурорлары,  аудан Әкімі аппаратының және аудандық ішкі істер бөлімінің өкілдері қатысты.

«Сот саласында мемлекеттік тілді қолдану» тақырыбында брифинг өтті

19/04/2016

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Сот саласында мемлекеттік тілді қолдану» тақырыбында брифинг өтті.

Брифингке сот судьясы Г.Әжіғалиева мен жергілікті «Актюбинский вестник» газетінің тілшісі Санат Раш қатысты.

Шара барысында судья сот жүйесіндегі мемлекеттік тілдің қолданылуы туралы журналистке баяндап берді.

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында азаматтарды қабылдау өткізілді

19/04/2016

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында азаматтарды қабылдау өткізілді.

Шараға 2015 жылы Қазақстан Республикасы ҚК-нің 96-бабы 2-бөлігінің, «к, н» тармақтарымен және 120-бабының 1-бөлігімен (1997 жылғы редак.) 19 жылға бас бостандығынан айыру жазасына сотталған Ж.Б.Суингариевке қатысты қылмыстық іс бойынша сотталғанның анасы З.Суингариева келді.