Архив событий

15/04/2016

Ақтөбе облысының МАЭ соты 2016 жылдың 1 тоқсандағы жұмысын қорытындылады

15/04/2016

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында БАҚ қатысуымен 2016  жылдың 1 тоқсан қорытындысы бойынша сот төрелігін жүзеге асыруды қорытындылау бойынша баспасөз маслихаты өткізілді.

Баспасөз маслихатына сот төрағасы Е.Қанапиев,  сот судьялары және

«Капитал» гәзеті және «Рика ТВ» телеарнасының өкілдері қатысты.

Кездесуде сот төрағасы қаралған азаматтық істердің статистикалық деректерін берді.

Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралықсотыныңсудьясы «Қазақстан-Ақтөбе» телеарнасының «Адам жәнеЗаң» бағдарламасында тікелей эфирде сұхбат берді

15/04/2016

Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралықсотының судьясы Н.Ормаханов ТРК АҚ-нің «Қазақстан-Ақтөбе» телеарнасының «Адам және Заң» бағдарламасында «Бала асырап алу» тақырыбында сұхбат берді.

«Медиация туралы» Заңы тақырыбындағы дөңгелек ұстел

15/04/2016

Әйтеке би аудандық сотында «Медиация туралы» Заңы   тақырыбында дөңгелек ұстел өткізілді.

Іс-шараға Әйтеке би аудандық сотының төрағасы А.Әбдіров, судья М.Мұхамбетқалиев, кеңсе меңгерушісі Б.Сарсенбаева, кеңсе мамандары, прокуратура  қызметкерлері, Әйтеке би аудандық заң кеңесінің адвокаты қатысты.

Сотқа «Сот кабинеті» ақапараттық сервисі арқылы электрондық талап арыздарды жолдау

15/04/2016

Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотының маманы М.Кунаев «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕАҚ Ақтөбе облысы бойынша филиалы ХҚКО департаментінің Мұғалжар аудандық   Ембі қалалық бөлімінде  «Сот кабинеті» электрондық ақпараттық жүйесі бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

2016 жылдың 1 тоқсанының қорытындысы бойынша баспасөз маслихаты

15/04/2016

Ақтөбе қаласы мамандандырылған әкімшілік  сотының төрағасы А.Калмухамбетов «Президент және халық» газетінің тілшісі І.Тәжіғұлованың қатысуымен 2016 жылдың 1 тоқсанында сотпен атқарылған жұмысы қортындысы бойынша баспасөз маслихатын өткізілді.

Кездесу барысында сот төрағасы есепті мерзімде атқарылған жұмыстар туралы, қаралған әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша статистикалық есепті баяндады.

Аудандық сотта «Ашық есік» күні өткізілді

15/04/2016

Ойыл аудандық сотының төрағасы Н.Бақтығалиев Ойыл ауданы Қайынды ауылдық округінде аудандық мемлекеттік мекемелерінің өкілдерімен бірігіп «Ашық есік» күнін өткізді.

Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотында баспасөз мәслихаты өткізілді

15/04/2016

Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотында  Мұғалжар ауданының прокурорының орынбасары, Ембі қалалық әкімиатының, Ембі қалалық полициясының, Мұғалжар ауданының №2 пробация қызметі, желілік полицияның, басқа да мекемелер өкілдерінің қатысуларымен аудандық соттың ағымдағы жылдың 1 тоқсанында атқарылған жұмыс нәтижесі туралы баспасөз мәслихаты өткізілді.

Әкімшілік іс бойынша брифинг

15/04/2016

Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотында «Мұғалжар» аудандық газетінің штаттан тыс тілшісі А.Қонақбаевтың  қатысуымен брифинг өткізілді.

Брифинг барысында судья Ж.Кунаевамен  Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 281-бабы 5-бөлігінің 10-тармағымен «Dear Company» ЖШС-не қатысты  әкімшілік ісі бойынша түсініктеме берілді.   

Аудандық сотында «Ашық есік» күні өткізілді

15/04/2016

Хромтау аудандық сотында халыққа құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдениетті көтеру және азаматтардың сот жүйесіне деген сенімін арттыру, сондай-ақ сот әділдігіне қол жеткізу мақсатында «Ашық есік» күні өткізілді.

Сот төрағасы А.Мұқановқа залалды өндіру туралы азаматтық іс  бойынша сұрағымен 1963 жылы туылған Сабиля Бижанова жігінді.   

Шараның қорытындысы бойынша келушіге қолданыстағы заңнамаға сәйкес түсіндіру берілді.

Ақтөбе қаласының №2 соты 2016 жылдың бірінші тоқсандағы жұмысын корытындылады

15/04/2016

Ақтөбе қаласының №2 сотының 2016 жылдың бірінші тоқсаны бойынша сот төрелігін жүзеге асыруды қорытындылау және қоғамда қызығушылық тудырған істер баспасөз мәслихаты өткізілді.

Жиынға сот төрағасы А.Балмұқанов, сот судьялары Р.Кустанова, Н.Бисени, З.Шмирова, С.Танимова, А.Бекталиева, Е.Бақытжан, А.Тажикенова, Е.Абдыкалыков, соттың БАҚ-пен өзара ықпалдастық жұмысына жауапты судья-үйлестірушісі А.Адилова, жергілікті БАҚ өкілдері қатысты.