Архив событий

14/04/2016

Аудан тұрғынымен кездесу

14/04/2016

Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына арналған жыл сайынғы дәстүрлі жолдауларында құқық қорғау органдары жұмысының сапасын арттыру; төрешілдікті азайту; соттың ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ету мәселелерін үнемі назарынан тыс қалдырмай келеді.

Сот жүйесінің ашықтығын, жариялылығын қаматамасыз ету және халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында  Қобда  аудандық сотында «Ашық есік күндері», төрағаның азаматтарды жеке қабылдауы тұрақты түрде жүргізіліп тұрады.

Ақтөбе қалалық сотында 2016 жылдың І тоқсан қорытындылары бойынша баспасөз маслихаты өткізілді

14/04/2016

Ақтөбе қалалық сотында 2016 жылдың І тоқсаны бойынша сот төрелігін жүзеге асыруды қорытындылау және қоғамда қызығушылық туғызған істерге қатысты баспасөз маслихаты өткізілді.

Баспасөз маслихатында Ақтөбе қалалық сотының төрағасы Д.Сариев, Ақтөбе қалалық сотының судьялары және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Қарғалы аудандық сотында жұмыс қорытындысы бойынша баспасөз конференциясы өткізілді

14/04/2016

Қарғалы аудандық сотында сот төрайымы Н.О.Аманкулова және БАҚ өкілі – жергілікті «Қарғалы» газетінің корреспонденті К.Байханованың қатысуымен 2016 жылдың  3 айында    атқарылған жұмыс қорытындысы бойынша баспасөз мәслихаты өткізілді.

Баспасөз-мәслихаты барысында аудандық сот төрайымы сотта қаралған істер санаты бойынша статистикалық ақпаратты жариялады.

Мәртөк аудандық сотында брифинг өткізілді

14/04/2016

Мәртөк аудандық сотында  судья Е.А.Нуршарыпов пен бұқаралық ақпарат құралы «Мәртөк тынысы» газетінің  тілшісі А.Қалпиеваның  қатысуымен бұйрық арқылы іс жүргізу тәртібімен есептелген, бірақ зейнетақы қорына аударылмаған соманы өндіру тақырыбында брифинг өткізілген.

Көлік құралдарының соқтығысуына жол берген

14/04/2016

Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 610-бабының 3-бөлігі бойынша азаматша Е.-ге қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс мариалдарына сәйкес, оның көлік құралын басқару құқығы болмай тұра, автокөлікті басқарып, жол қозғалысы ережелерінің талаптарын өрескел бұзып, «Ваз 21150» маркалы көлігіне соқтығысқан.

Ашық есік күні

14/04/2016

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында халық арасында сот жүйесінің ашықтығын, қол жетімділігін нығайту мақсатында көпсалалы «Болашақ» колледжінің «Құқықтану» мамандығының 3 курс студенттері қатысуымен «Ашық есік күні» өткізілді.

Соттың ғимаратын таныстыру экскурсиясынан кейін кеңсе меңгерушісі Г.Ақмолдина Қазақстан Республикасының «Алқабилер туралы» Заңын түсіндіріп, студенттермен әңгіме жүргізді. 

2016 жылдың 1 тоқсанда сот төрелігін жүзеге асыру қорытындысы бойынша баспасөз мәслихаты

14/04/2016

Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 2016 жылдың 1 тоқсанда қортындылау бойынша сот төрелігін жүзеге асыруда  баспасөз мәслихаты өткізілді.

Шараға сот төрайымы М.Үрістембаева, судья Н.Ормаханов, жергілікті телеарналар мен БАҚ өкілдері қатысты.

Сот төрайымы есептік кезеңде сот өндірісіндегі қаралған  қылмыстық,азаматтық және әкімшілік істерге тоқталды.

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша қысқартылған іс жүргізу» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

14/04/2016

Ақтөбе қаласы мамандандырылған әкімшілік сотында мемлекеттік мекемелер және құқық қорғау органдары өкілдерінің қатысуымен «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша қысқартылған іс жүргізу» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Студенттермен кездесу

14/04/2016

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақ гуманитарлы заң колледжінің «Құқықтану» мамандығының 2 курс орыс бөлімі студенттерінің қатысуымен «Ашық есік күні» өткізілді.

Судья М.Сисенова «Ашық есік күні» халыққа құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдениетті көтеру және азаматтардың сот жүйесіне деген сенімін арттыру, сондай-ақ сот әділдігіне қол жеткізу мақсатында өткізілетін атап өтті.

Ақпараттық қауіпсіздік – өзекті мәселе

14/04/2016

Байғанин аудандық сотында сот ұжымы, аудан прокуроры А.Б.Әбіләкім, аудандық ІІБ бастығының м.а. Б.К.Карин, Ақтөбе облысы МҚКБ ММ Байғанин аудандық полиция взводы қызметкерлерінің қатысуымен «Ақпараттық қауіпсіздік – өзекті мәселе» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Қылмыстық іс бойынша брифинг

14/04/2016

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралған қылмыстық іс бойынша брифинг өткізілді.

Брифингке сот төрағасы Н.Сұлтанов пен жергілікті «Актюбинский вестник» газетінің тілшісі Санат Раш қатысты.

Әкімшілік жауапкершілікке тартылды

14/04/2016

Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотында Қазақстан Республикасының әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 482-бабының 1-бөлігімен  аз.О.-ға  қатысты әкімшілік ісі қаралды.

Істің материалдарына сәйкес, азамат О. ішкі істер органында тіркелмеген қос ауызды, 12 калибрлі «ИЖ» моделді аңшы мылтығын заңсыз иеленіп және өз үйінде сақтаған.

Сот отырысында құқық бұзушы азамат О. өзінің кінәсін толық мойындаған.

Әкімшілік жауапкершілікке қайта тартылды

14/04/2016

Темір аудандық сотында азаматша Н.-ге қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 442-бабының 3-бөлігі бойынша әкімшілік іс қаралды.

Іс материалдарында сәйкес, азаматша Н. сағат 01.00 шамасында Ж.Кереев атындағы орта мектебінің қасында кәмелетке толмаған қызы А. заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғынжайдан тыс жерде болуына жол берген.

Кәмелетке толмаған А.-ның анасы азамат Н. бұрын осыған ұқсас құқықбұзушылық жасаған әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Сыбайлас жемқорлық туралы көшпелі семинар

14/04/2016

Шалқар аудандық сотының судьясы С.О.Дәріқұлова Ақтөбе облысы бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК филиалының Шалқар бөлімінде  «Сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыстар мен құқық бұзушылықтар» тақырыбында  көшпелі семинар өткізді.

Семинарға бөлім басшысы мен реттеу залының инспекторлары қатысты.

Мәртөк аудандық сотында түсіндіру жұмыстары жүргізілді

14/04/2016

Мәртөк аудандық сотының кеңсе меңгерушісі Д.Ж. Бекмухамбетова Мәртөк аудандық пробация қызметінің қызметкерлері арасында «Мемлекеттік қызмет туралы» туралы Заң талаптары туралы, татуласу рәсімдері бойынша, оның ішінде бітімгерлік келісім туралы, «Сот кабинеті» ақпараттық сервисі және электрондық атқару құжаттары туралы  түсіндіру жұмыстарын өткізді. Кеңсе меңгерушісі «Сот кабинеті» ақпараттық сервисі арқылы сотқа электрондық құжаттарды жолдау тәртібі туралы және сервис пайдаланушыларға онлайн режімінде әлеуметтік сауалнама жүргізілетіні туралы айтып өткен.

Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотында баспасөз мәслихаты өткізілді

14/04/2016

Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотында  ауданының прокурорының орынбасары, Ембі қалалық әкімиатының, Ембі қалалық полициясының, Мұғалжар ауданының №2 пробация қызметі, желілік полицияның тағы басқа мекемелер өкілдерінің қатысуларымен аудандық соттың ағымдағы жылдың 1 тоқсанында атқарылған жұмыс қорытындысы бойынша баспасөз мәслихаты өткізілді.

Жедел кеңес өткізілді

14/04/2016

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында сот мамандарының арасында жедел кеңес өткізілді.

Аталған шарада кеңсе меңгерушісі Г.Ақмолдина қатысушыларды Ақтөбе облыстық сотының 2016 жылдың 12 сәуірдегі хатымен таныстырды.