Архив событий

11/04/2016

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында жедел кеңес өткізілді

11/04/2016

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында сот қызметкерлерінің арасында жедел кеңес өткізілді.

Шараның өткізілу мақсаты БАҚ-пен өзара ықпалдастық жұмысына қатысты Ақтөбе облыстық сотының ақпараттық қамтамасыз ету бөлімімен жасақталған талдау кестесін талқылау болып табылады.

Аудандық сотында 2016 жылдың 1 тоқсанда атқарылған жұмыстары бойынша баспасөз мәслихаты өткізілді

11/04/2016

Мәртөк аудандық сотында бұқаралық ақпарат құралы «Мәртөк тынысы» газетінің тілшісі А. Қалпиеваның  қатысуымен 2016 жылдың 1 тоқсанында атқарылған жұмыс қорытындысы  бойынша баспасөз маслихаты өткізілді.

Жиынға сот төрағасы М.Дүйсен және  жергілікті БАҚ өкілі А.Қалпиева қатысты.

2016 жылы Мәртөк аудандық сотында  сот төрелігін жүзеге асыру сапасын көтеру мен сот істерін жедел қарау қатаң жолға қойылған.

Кедергілерді жою туралы дау бітімгершілік келісіммен шешілді

11/04/2016

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «К» ЖШС «Б» ПИК-не кедергілерді жою туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Азаматтық іс материалдарына сәйкес, «К» ЖШС «Б» ПИК-не көп пәтерлі тұрғын үйдің аумағындағы қоршауды алу жолымен кедергілерді жою туралы арызбен сотқа жүгінген.  

Көп пәтерлі тұрғын үйдің тұрғындары «К» Сауықтыру орталығынан тұрғын үйге дейінгі аумақ темір ауламен қоршап, бұл «К» СО ғимаратына шұғыл қызметінің жүру жолына кедергілерді туындатқан.

Ақтөбе облыстық сотының төрағасы облыс тұрғындарымен интернет-конференция өткізеді

11/04/2016

2016 жылдың 14 сәуірінде сағат 10.00-ден 12.00-ге дейін Ақтөбе облыстық сотының төрағасы Ерлан Жұмаханұлы Айтжанов сот жүйесінің ашықтығын, жариялылығын және қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында облыс тұрғындары үшін интернет-конференция өткізеді.

Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотында қылмыстық іс бойынша брифинг өткізілді

11/04/2016

Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотында «Мұғалжар» аудандық газетінің штаттан тыс тілшісі А.Қонақбаевтың қатысуымен брифинг өткізілді.

Брифингте судья Ж.Кунаевамен К.Ж.Бирмагамбетовқа қатысты қылмыстық ісі бойынша түсініктеме берілді.   

Сотты құрметтемегені үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылады

11/04/2016

Темір аудандық сотында сот қызметкерлері мен Ақтөбе облысының МКҚБ қызметкерлерінің қатысуымен «Сотты құрметтемегені үшін жауапкершілік шаралары» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелде сот жасауылы Д.Омаров өз баяндамасында Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 653-бабы бойынша сотты құрметтемегені үшін жауапкершілікке тартылу шараларының қатайғандығын атап өтті.

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты атқарылған жұмыс қорытындысын талқылады

11/04/2016

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында атқарылған жұмыстар бойынша баспасөз-мәслихаты өткізілді.

Аталған шараға сот төрағасы Н.Сұлтанов, судьялар А.Молдағалиев, М.Сисенова, Г.Ажигалиева және жергілікті «Актобе таймс» газетінің тілшісі Т.Токарь қатысты.

Баспасөз-мәслихатында Н.Сұлтанов сотпен көрсетілген мерзімде және өткен жылдың 3 айында атқарылған жұмыстар бойынша статистикалық деректерді айтып өтті.