Архив событий

25/04/2016

«Қазақстан Республикасы Жаңа Азаматтық процестік кодексіндегі татуласу рәсімдері» тақырыбындағы дөңгелек үстел

25/04/2016

Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотында Ақтөбе облыстық сотының судьясы Б.Алматованың, аудандық соттың төрағасы А.Сабыров пен судья Ж.Кунаеваның, прокуратура, медиатор, адвокаттар, Ембі және Жем қалаларының әкімі аппаратының және ішкі істер бөлімінің өкілдерінің қатысуымен «Қазақстан Республикасы Жаңа Азаматтық процестік кодексіндегі татуласу рәсімдері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

«2015 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауы» тақырыбындағы семинар-тренинг

25/04/2016

Ақтөбе облысының Жас судьялар Кеңесінің төрағасы Е.Құрманов, Ақтөбе қалалық сотының судьясы С.Абызбаева Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті Экономикалық және құқық институты студенттерінің қатысуымен «2015 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауы» тақырыбында семинар-тренинг өткізді.

Судья С.Абызбаева 2015 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауына қатысты өзекті мәселелерге тоқталып өтті.  

Аудандық және оған теңестірілген сотта ic қағаздарын жүргізу ережесі талқыланды

25/04/2016

Шалқар аудандық сотында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті басшысымен жаңа «Аудандық және оған теңестірілген сотта ic қағаздарын жүргізу ережесі»   талқыланды.

«Судьялардың жаңа әдеп кодексі» жобасын талқылау

25/04/2016

Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотында Ақтөбе облыстық сотының судьясы Ш.Әлнияздың, сот төрағасы А.Сабыровтың, судья Ж.Кунаеваның және сот мамандарының қатысуымен «Судьялардың жаңа әдеп кодексі» жобасы талқыланды.

Талқылау барысында Ақтөбе облыстық соты судьясы Ж.Әлнияз «Судьялардың жаңа әдеп кодексі» жобасымен таныстырып, жобада белгіленген біріңғай  стандарттарға негізделген  қағидалар мен ережелерді  кәсіби қызметте де, қоғамда және тұрмыста да қатаң сақтау,  ұстану туралы жаңашылықтарды атап өтті.

Байғанин аудандық сотында семинар өткізілді

25/04/2016

Байғанин аудандық сотында сот ұжымының қатысуымен «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – қазіргі заманғы әлемнің негізгі мәселелерінің бірі» тақырыбында семинар өткізілді.

«Медиация заңының қолдануы» тақырыбындағы дөнгелек үстел

25/04/2016

Қобда    аудандық   сотында    «Медиация заңының қолдануы» тақырыбында  дөнгелек  үстел  өткізілді.

Шараға  Қобда  аудандық   сотының  төрағасы А.Анарбаев,   аудандық  прокуратураның,  Ішкі Істер Бөлімінің  қызметкерлері,  кәсіби   емес  медиатор  С. Даржанов  және  аудандық   сотының мамандары қатысты.

Дөңгелек үстелде барысында медиация Заңының қолданылуы, жөнінде пікір-таластар талқыланды.

Азаматтық істер бойынша брифинг

25/04/2016

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Капитал» гәзетінің өкілі қатысуымен қоғамдық қызығушылық туғызатын істер бойынша брифинг өткізілді.

Баяндамаларымен судьялар А.Жүсіпов, А.Имантаева сөз сөйледі.

Дау бітімгершілік келісімімен шешелді

25/04/2016

Ақтөбе қалалық сотында талапкер Д. жауапкер «А.G.V.» ЖШС-не жұмысқа қайта орналастыру және мәжбүрлі бос жүрген уақыты үшін еңбекақы өндіру туралы азаматтық іс қаралды.