Архив событий

07/04/2016

Балық аулау тәртібін бұзған

07/04/2016

Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында азамат З.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс материалдарына сай, азамат З. Ақтөбе су қоймасында балық аулауға тыйым салынған құралмен, атап айтқанда полиамидті аумен балық аулап, балықшылықпен айналысу тәртібін өрескел бұзып, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 383-бабы 3-бөлімі бойынша көрсетілген құқық бұзушылықты жасаған.

Аудандық сот ғимаратының қауіпсіздік шараларын күшейту

07/04/2016

2016 жылдың 7 сәуірінде Қобда аудандық сотында «Аудандық сот ғимаратының қауіпсіздік шараларын күшейту» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Іс шараға сот төрағасы А.Т.Анарбаев және «Күзет» қызметкерлері  Е.В.Стацук,  М.Лиманов, А.Малайдаров, С.Маликов, Т.Ажмуратов, М.Сагиев қатысты.

Шараның мақсаты - «Күзет» қызметкерлері арасындағы байланысты нығайту, сотқа қатысушылардың судьялармен және сот қызметкерлерімен процессуалдық емес байланысын болдырмау, сот ғимаратына кіру тәртібін күшейту болып табылады.

Электрондық атқару парақтарын жолдау

07/04/2016

2016 жылдың 16 наурызынан бастап Қазақстан Республикасының барлық соттарында электрондық түрдегі атқару құжаттарының қозғалысын бақылау және есепке алу мақсатында әзірленген «Төрелік» ақпараттық жүйесінің көмегімен құжаттарды орындауға жіберу жүйесі енгізілді.

Осыған байланысты Мәртөк аудандық сотында бұқаралық ақпарат құралының өкілі: «Мәртөк тынысы» газетінің корреспонденті А.Талпиеваның қатысуымен «Электрондық атқару парақтарын жолдау» тақырыбына брифинг өткізілген.

Ерлі-зайыптылардың және бұрынғы ерлі-зайыптылардың алименттік міндеттемелерін талқылау

07/04/2016

Хромтау аудандық сотында судья С.Т.Жумашкина, жергілікті бұқаралық ақпарат құралының өкілі: «Хромтау» газетінің тілшісі Л.Абдированың қатысуымен брифинг өткізілді. Брифинг барысында ерлі-зайыптылардың және бұрынғы ерлі-зайыптылардың алименттік міндеттемелері талқыланды.

Мәртөк аудандық сотында семинар сабағы өткізілді

07/04/2016

Мәртөк аудандық сотында судьялар арасында Қазақстан Республикасы Қылмыстық процестік Кодексінің заң талаптары семинар сабағында талқыланды.

Шараға сот төрағасы М.Дүйсен мен судья Е.Нуршарыпов қатысып, келісімдік іс жүргізуді қолдану негіздері, сотқа дейінгі іс жүргізу сатысында жасалған, кінәні мойындау туралы процестік келісіммен  бірге келіп түскен іс бойынша судьяның әрекеттері және Ақтөбе облыстық сотының 2015 жылғы 9 айындағы келісімдік іс жүргізу бойынша қаралған қылмыстық істер бойынша қорыту талқыланды.

Хромтау аудандық сотында брифинг өткізілді

07/04/2016

Сот тәжірибиесінде жүргізушінің көлік құралын алкогольдік мас күйінде басқаруы бойынша әкімшілік істердің қаралуы жиі кездесіп отырады.

2016 жылдың 6 сәуірінде Хромтау аудандық сотында сот төрағасы А.А.Муканов, жергілікті бұқаралық ақпарат құралының өкілі: «Хромтау» газетінің тілшісі Л.Абдированың қатысуымен брифинг өткізді.

Брифингте Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 608- бабы 7-бөлімі бойынша қаралған Т.-ға қатысты әкімшілік іс талқыланды.

Атқарушылық құжатты орындамағаны үшін жауаптылық

07/04/2016

Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 669-бабы бойынша Ембі қаласының 5 азаматына қатысты әкімшілік істер қаралды.

Іс материалдарына сәйкес, Ембі қаласының 5 азаматы тұрақты жұмыс жасап, қаражат көзі бола тұра, балаларына тиесілі заңмен бекітілген алиментті  уақтылы төлемей, қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылатындықтары жөнінде ескертулерге қарамастан, заң талабын орындамай алимент төлеуден жалтарып жүрген.

В специализированном межрайонном экономическом суде Актюбинской области проведен брифинг

07/04/2016

Кеше Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында БАҚ өкілдері: «Актобе таймс» газетінің корреспонденті және «Рика ТВ» телеарнасының қатысуларымен қоғамдық қызығушылық туғызған сот істері бойынша брифинг өткізілді.

Баяндамашылар ретінде осы соттың судьялары: А.М.Жүсіпов, Л.М.Бисенова, М.К.Шарипова қатысты.

Шалқар аудандық сотында «Ашық есік күні» өткізілді

07/04/2016

Халыққа құқықтық көмек көрсету, соттың ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында  Шалқар аудандық сотында «Ашық есік күні» өткізілді.

Сот төрағасы О.Бақтыгереевтің қабылдауына Шалқар қаласының тұрғындарыҰ.Жазықбаева мен Г.Жазықбаева заңдық маңызы бар фактіні анықтау туралы, сонымен қатар  "Сот кабинеті" сервисі арқылы талап арыз беру тәртібі жөнінде толғандырған мәселелердің шешімін табу сұрақтарымен жүгінді.

«Жер дауларын сотта қарау» тақырыбында көшпелі дөңгелек үстел өткізілді

07/04/2016

Ойыл ауылдық округ әкімшілігінде Ойыл аудандық сотының төрағасы Н.Бақтығалиевтің,  Ойыл селолық округ әкімінің, жер бөлімінің басшысының және шаруа қожалықтары иесінің қатысуымен «Жер дауларын сотта қарау» тақырыбында көшпелі дөңгелек үстел өткізілді.

Некені бұзу туралы істі қарау барысында туындайтын мәселелер

07/04/2016

Қобда аудандық сотында «Некені бұзу туралы істі қарау барысында туындайтын мәселелер» тақырыбында бұқаралық ақпарат құралдары өкілі: «Қобда» газетінің корреспонденті Т.Казиевтың қатысуымен брифинг өткізілді.