Архив событий

21/04/2016

«Жаңа Азаматтық процестік кодексіндегі татуласу рәсімдері» тақырыбындағы дөңгелек үстел

21/04/2016

Мұғалжар аудандық сотында Ақтөбе облыстық сотының судьясы Б.Алматованың, Мұғалжар аудандық сотының төрағасы мен судьяларының, кәсіби медиатор, адвокаттар, аудандық прокуратура, аудан әкімі аппаратының, әділет Департаменті және ішкі істер бөлімінің өкілдерінің қатысуымен «Жаңа Азаматтық процестік кодексіндегі татуласу рәсімдері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

«Сатып алу мерзімінің ескіруінен туындайтын мүлікті иесіз деп тану туралы істерді қарау» тақырыбындағы дөңгелек үстел

21/04/2016

Ақтөбе қалалық сотының оқу орталығында Ақтөбе қалалық сотының судьялары, «Ақтөбе қаласының мемлекеттік активтер және сатып алу» ММ өкілдерінің қатысуымен «Сатып алу мерзімінің ескіруінен туындайтын мүлікті иесіз деп тану туралы істерді қарау» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Судья А.Садықова өз баяндамасында сатып алу мерзімінің ескіруінен туындайтын мүлікті иесіз деп тану туралы істерді қарауға қатысты өзекті мәселелерге тоқталып өтті.

Тараптар медиация тәртібімен татуласқан

21/04/2016

Шалқар аудандық сотында  Қазақстан Республикасының  ҚК-нің 200-бабының 1-бөлігімен (Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын
жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу) сотталушы К. қатысты қылмыстық іс қаралды.

Қылмыстық іс құжаттарына сай, сотталушы К. 2016 жылы 10 ақпан алкогольдік мас күйінде желтоқсан көшесі бойында орналасқан «П» дәмханасының алдында тұрған Б-ның иелігіндегі  Лада-21703 маркалы автокөлікті оталдырып, жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алып айдап кеткен.

Хромтау аудандық сотында баспасөз мәслихаты өткізілді

21/04/2016

Хромтау  аудандық сотында бұқаралық ақпарат құралдары «Хромтау» газетінің тілшісі қатысуымен, 2016 жылдың 1 тоқсанында сотпен атқарылған жұмыстарының  қорытындысы  бойынша баспасөз мәслихаты  өткізілді.

Шараға сот төрағасы  А.Мұқанов  және  жергілікті БАҚ өкілі Л.Абдирова  қатысты.

Сорт төрағасы қылмыстық, азаматтық, әкімшілік құқық бұзушылық істер бойынша өткен жылдың мезгілімен салыстыру көрсеткіштер бойынша статистиқалық мәлеметтерді келдірді.

Қылмыстық іс бойынша брифинг

21/04/2016

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралған қылмыстық іс бойынша брифинг өткізілді.

Брифингке сот төрағасы Н.Сұлтанов пен жергілікті «Эврика» газетінің тілшісі Д.Матвеев қатысты.

«Сот кабинеті» сервисі арқылы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді жолдау» тақырыбындығы көшпелі семинар-тренинг

21/04/2016

Қобда аудандық сотының кеңсе маманы  А.Хайруллинамен  жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасында  «Сот кабинеті» сервисі арқылы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді жолдау» тақырыбында көшпелі семинар-тренинг өткізілді.

Әкімшілік іс бойынша брифинг

21/04/2016

Әйтеке би аудандық сотында Әйтеке би аудандық «Жаңалық Жаршысы» газетінің тілшісі Е.Әбдіраевтың қатысуымен брифинг өткізілді.

Брифинг барысында сот төрағасы А.Әбдіров әкімшілік құқық бұзушылық бойынша әкімшілік іс қаралғанын атап өтті.