Архив событий

18/04/2016

«Мемлекеттік сатып алу саласында мәмілені жарамсыз деп тану» тақырыбында дөңгелек үстел

18/04/2016

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Мемлекеттік сатып алу саласында мәмілені жарамсыз деп тану» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелге Ақтөбе облстық сотының судьясы Ж.Әлішева және экономикалық соттың судьялары қатысты.

Судья Бисенова Ляззат Мырзалықызы баяндама оқыды.

Дөңгелек үстел барысында «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы талқыланды.

«Ашық есік күні» өткізілді

18/04/2016

«Ашық есік күнінде» азаматша А.Ескалиева балалардың тұрғылықты жерін анықтау сұрағымен жүгінген.

Сот төрайымы М.Г.Үрістембаева А.Ескалиеваның қойған барлық сұрақтарына Қазақстан Республикасының Азаматтық  іс жүргізу, «Неке  (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодекстерінің талаптары бойынша  толыққанды жауаптар беріп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. 

Ақтөбеде төраға тұрғындармен онлайн режимде кездесіп, «Ашық есік күні» шарасын өткізді

18/04/2016

Ақтөбе облыстық сотының төрағасы Ерлан Айтжанов сот жүйесінің ашықтығын, жариялылығын және қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында облыс тұрғындары үшін интернет-конференция өткізген болатын. Оған облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі алқа төрағасының м.а. - Шапағат Әлнияз бен азаматтық істер жөніндегі алқа төрағасы - Нұрсапа Примашев пен БАҚ өкілдері: «Қазақстан-Ақтөбе» ТРК АҚ мен «РИКА ТВ» телеарналарының журналистері қатысты.

Шалқар аудандық сотында дөңгелек үстел өткізілді

18/04/2016

Шалқар аудандық сотында «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаларды толтырған кезде туындайтын Қазақстан Республикасының әкімшілік заңнамасын қолданудың кейбір мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Бұл шараға сот төрағасы О. Бақтыгереев, судья А.Маханбетов мен сот мамандары, Шалқар аудандық ішкі істер бөлімінің жергілікті полиция қызметкерлері қатысты.

Мектеп-гимназиясының оқушыларымен көшпелі кездесу

18/04/2016

 

Шалқар аудандық сотының бас маманы А.Болысбай   Шалқар қаласы №1 мектеп-гимназиясының 9 сынып оқушылары арасында өткізілген «Абай Құнанбаевтың шығармашылығы» атты  сыныптан тыс  сабағына қатысты.

Абай шығармашылығы рухани күштің, бостандық сүйгіштіктің, патритотизмнің көрінісі.

Байғанин аудандық сотының төрағасы азаматтарға жеке қабылдау өткізді

18/04/2016

Соттың ашықтығын, жариялылығын қамтамасыз ету, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және соттың жағымды имиджін қалыптастыру мақсатында Байғанин аудандық сотында «ашық есік күндері», төрағаның азаматтарды жеке қабылдауы тұрақты түрде өткізіліп тұрады.

Сот төрағасы Ж.Б.Қуанышевқа Маңғыстау облысының тұрғыны Д.С. немерелерімен кездесуге уақыт белгілеу туралы мәселесі бойынша жүгінген.

Судьяға алғыс

18/04/2016

Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 106-бабының 3- бөлігімен айыпталған Е.Ж.-ге қатысты қылмыстық ісі бойынша жәбірленуші өкілі Л.Г.Шевцовадан Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотының төрағасы А.Сабыровты атына алғыс хат түсті. Ол өз хатында, судья А.Сабыров соттың дұрыс жүргізілуіне, нақтылығына және жағдайды  түсінуіне байланысты алғысын білдіріп, оған денсаулық және өзінің қиын қызметін атқаруда жетістіккке жете беруін тілеген. Өзінің өтінішін және алғысын судьяның жеке ісіне салуды сұраған. Сонымен қатар бұл адам үлкен әріптен басталатын адам деп атап өткен.

Мұғалжар аудандық соты «Ашық есік» күні өткізілді

18/04/2016

Бүгінгі таңда сот жүйесіндегі барлық салалар бойынша сот қызметтері туралы ақпараттардың, сондай-ақ сот төрелігінің  ашық, қолжетімді әрі айқын болуына аса мән берілуде.

Осыған орай Мұғалжар аудандық сотында  «Ашық есік күні» өткізілді.

Іс-шара барысында сот төрағасы С.З.Тасымбетов Қандыағаш қаласының тұрғыны А.Мусаеваны қабылдап, мемлекеттік қызметке орналасу тәртібі туралы сұрақтарына жауап берді.

Азаматтық іс бойынша бітімгершілік келісім бекітілді

18/04/2016

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында жеке кәсіпкер Г. жауапкер «Р» ЖШС-нен қарыз соманы және өсімпұлды өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Іс материалдарына сәйкес, жеке кәсіпкер Г. «РусКазДорСервис» ЖШС-нен қарыз сома 2 203 162 теңге, өсімпұл 147 737 теңге және сот шығындарын  өндіру туралы арызбен сотқа шағымданған.

Тараптар арасында 2015 жылдың 10 қыркүйегінде  тауарды сату келісім шарты жасалған. Өнімнің жеткізілуі шот-фактура және шығыс жүк құжаттарымен расталады. Жауапкер тауарды қабылдап, шот-фактуралар, шығыс жүкқұжаттары және салыстыру актісіне сәйкес  2 203 162 теңге соманы төлемеген.  

Сот отырысында тараптардан бітімгершілік келісім бекіту туралы өтініш түсіп, оның шарттары бойынша жауапкер «Р» ЖШС 2 203 162 теңге мөлшерінде берешек сома және 147 737 теңге өсімпұл сомасын 2016 жылдың 1 маусымына дейін төлеуге міндеттенген. Талапкер өз кезегінде жауапкерге койған талабынан бас тартқан.

Сот ұйғарымы бойынша жеке кәсіпкер Г. мен «Р» ЖШС арасында бітімгершілік келісім бекітіліп, азаматтық іс өндірістен қысқартылған.

Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.

Ақтөбе қалалық №2 сотында үкім жарияланды

18/04/2016

Ақтөбе қалалық №2 сотында Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің  366-бабы 3-бөлімі «1,3» тармағы (қорқытып алу жолымен iрi мөлшерде пара алу), 370-бабы 4-бөлімі (қызметтегi әрекетсiздiк) бойынша айыпталған Е., 368-бабы 1-бөлімі (парақорлыққа делдал болу) бойынша айыпталған К. қатысты қылмыстық іс қаралды.