Архив событий

12/04/2016

Ақтөбе облыстық сотының төрағасы облыс тұрғындары үшін «Ашық есік күні» шарасын өткізеді

12/04/2016

2016 жылдың 15 сәуірінде сағат 11.00-ден 12.30-ға дейін халықтың құқықтық мәдениетін жоғарылату, халықтың сотқа деген сенімін арттыру және сот әділдігінің қолжетімді болуын қамтамасыз ету мақсатында Ақтөбе облыстық сотының төрағасы Ерлан Жұмаханұлы Айтжанов облыс тұрғындары үшін «Ашық есік күні» шарасын өткізеді.

Іс-шара аясында қатысамын деушілерге құқықтық көмек көрсетіліп, кеңес беріледі, сонымен бірге олар сот жұмысымен таныса алады.

Алға аудандық сотында жиналыс өткізілді

12/04/2016

Алға аудандық сотында 2016 жылдың 1-ші  тоқсанда атқарылған жұмыстар бойынша жиналыс өткізілді.

Шараға сот төрағасы Е.Мұратқанов, судьялар Ғ.Укшебаев, Ж.Исаналина, Н.Биханова, кеңсе мамаңдары қатысты.

Сот төрағасы 2016 жылдың 1-ші жартыжылдығында қаралған қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істерге статистикалық талдау жасады және соттың есеп кезеңінің 3айында атқарылған жұмыстары бойынша айтып өтті.

"Әкімшілік істерді электронды түрде жолдау" тақырыбындағы семинар сабағы

12/04/2016

Қарғалы аудандық сотының ұйымдастыруымен «Әкімшілік істерді жіберу» -электрондық ақпараттық сервисі арқылы сотқа электронды құжаттарды жіберу тәртібі туралы тақырыбында семинар сабағы  өткізілді.

Іс-шараға сот төрағасы Н.Аманкулова, судья А.Шарипбаев, Қарғалы аудандық ІІБ-нің бастығының орынбасары  Б.Икласов, кеңсе меңгерушісі Р.Жонисова, кеңсе мамандары, Қарғалы аудандық ІІБ-нің өкілдері,Қарғалы аудандық заң кеңесінің адвокаты Б.Тастемиров қатысты.

Темір аудандық сотында семинар өткізілді

12/04/2016

Темір  аудандық  сотында  2016 жылы 1 тоқсанында соттың  атқарылған жұмыстарының  қорытындысы  бойынша семинар өтті.

Сот төрағасы қылмыстық, азаматтық және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша статистикалық мәліметтерге тоқталып, ағымдағы жылдың бірінші тоқсан қорытындысы бойынша қалдықта қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер қалмағанын және қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істерді қарау барысында дыбыс-бейне жазба құралдарының 100% қолданылатындығы туралы айтты.

Мәртөк аудандық сотында азаматтарды қабылдау өткізілді

12/04/2016

Мәртөк аудандық сотында кестесіне сәйкес азаматтарды қабылдау өткізілді.

Сот төрағасы М.Дүйсеннің жеке қабылдауна Мәртөк ауылының тұрғыны азамат Х.Султангалиев болды.

Келуші  соттылығын алып тастау туралы сұрағымен жүгінді. Ол  1999 жылы Ақтөбе қалалық сотымен сотталған, қазіргі таңда жұмысқа орналасуына байланысты соттылығын шешу туралы айтты.

Оған сот төрағасы Ақтөбе облысы бойынша құқықтық статистика басқармасына түсіндірме алу және қалалық сотына арызбен жүгіну туралы  түсіндірілді. 

«Сенімді теріс пайдаланған»

12/04/2016

Мәртөк аудандық сотында 2015 жылы және 2016 жылы сотталушы аз.М-ға қатысты 3 қылмыстық іс қаралған, жалпы 28 эпизод бойынша 447 500 теңге мөлшерінде зиян келтірген.

Айыптау актісіне сәйкес, 2015 жылдың  қазан-желтоқсан айларында уақытша жұмыссыз, бұрын сотталған сотталушы М. Ақтөбе облысы Мәртөк ауданында қасақана пайдакүнемдік ниетпен алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен бірнеше эпизод бойынша қылмыс жасаған.

Аудандық және оған теңестірілген сотта ic қағаздарын жүргізу ережесін талқылау

12/04/2016

Мұғалжар аудандық сотында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті басшысымен 2016 жылғы 5 наурызындағы өкімімен бекітілген жаңа «Аудандық және оған теңестірілген сотта ic қағаздарын жүргізу ережесі» қызу талқыланды.

Әкімшілік құқық бұзушылық жасаған

12/04/2016

Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 127-бабының 1 бөлігімен Я-ға қатысты  әкімшілік іс қаралды.

Істің құжаттарына сай, азаматша Я. жастары  кәмелетке толмаған  балаларын тәрбиелеу мен  оқыту жөніндегі  міндеттерін орындамай, Қазақстан Республикасының  ӘҚБтК-нің 127-бабының 1 бөлігі бойынша  әкімшілік құқық бұзушылық жасаған.

Бітімгершілік келісім бекітілді

12/04/2016

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында талапкер «М» ЖШС жауапкер «А» ЖШС-нен қарыз соманы өндіру туралы талап арыз бойынша азаматтық іс қаралды.

Азаматтық іс материалдарына сәйкес, «М» ЖШС «А» ЖШС-нен қарыз соманы өндіруді сұрап сотқа шағымданды.

«М» ЖШС мен «А» ЖШС арасында құрылыс материалдарын сату-сатып алу туралы келісім-шарт жасалған, яғни талапкер жауапкер меншігіне тауарды беруге, ал жауапкер құрылыс материалдарын қабылдап алып және төлем жасауға міндеттенген.

Соққыға жол берген

12/04/2016

Қобда аудандық сотында Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 345-бабының 1-бөлігімен  айыпталған азамат Қ.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Мұғалжар аудандық сотында баспасөз мәслихаты өткізілді

12/04/2016

Мұғалжар аудандық сотында 2016 жылдың 1 тоқсанында атқарылған жұмыс қорытындысы бойынша баспасөз мәслихаты өткізілді.

Аталған баспасөз мәлихатына сот төрағасы С.З.Тасымбетов және «Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газетінің редакторы А.Есқара қатысты.

Кездесуде сот төрағасы аудандық соттың 2016 жылдың 1 тоқсанында атқарылған жұмыс нәтижесіне тоқталып өтті.